Тағы бір «алтын адам» табылды

Тағы бір «алтын адам» табылды

Таяуда Қарағанды облысындағы Кент тауына жақын жерде орналасқан Қ.Аманжолов атындағы елді мекеннің маңынан ғалымдар осыдан шамамен 2,5 мың жыл бұрын көмілген «алтын адамның» мүрдесін тапты.

«Алтын адамның» қабірі табылған мекен Қарағандыдан 300 шақырым қашықтықта. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл – 40 жастағы ер адам, ежелгі сақ тайпаларының қолбасшысы болса керек. Қолбасшының қарамағында Орталық Қазақстан территориясы болған деседі. Басқа да деректерде «алтын адам» атақты рудан шыққан 30 жас шамасындағы әйел адам деген де болжам бар. Ежелгі обадан жүзге жуық әшекей бұйым мен алтыннан жасалған заттар табылған. Археологтер бұл обаның кезінде бірнеше мәрте тоналғанын анықтап отыр. Соған қарамастан, аталмыш қорғаннан тарих үшін өте құнды материалдар, сақ қолбасшысының қандай болғанын сипаттайтын дәлелдер табылған. Ендігі уақытта мамандарға орталыққазақстандық «алтын адамның» образын жасау мүмкіндігі туды. Қорғанды тапқан экспедицияның жетекшісі Арман Бейсеновтің айтуынша, «археолог үшін ең бағалы дүние – ескерткіштің өзі». «Орталық Қазақстаннан табылған «алтын адам» түгелдей алтынға малынған немесе тіпті белгілі бір детальдары алтын болмаса да, ғалымдар үшін ең құндысы – ғылыми дерек, ақпарат. Мұндай байлық күнде табыла бермейді», – дейді ғалым. Тарихшылар оба табылған орынды аспан астындағы ашық мұражай етіп қалыптастырмақшы. Құнды жәдігерлер табылған мекенге ғалымдар «Патшалар даласы» деген атау беріп отыр. Ал табылған заттар мұқият зерттелгеннен кейін заңға сәйкес, осы облыстағы тарихи-өлкетану мұражайына тапсырылады. Өйткені бұл жоба жергілікті бюджеттен қаржыландырылған.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста