Табиғат тойының насихаты қай деңгейде?

Табиғат тойының насихаты қай деңгейде?

Наурыз – бүкіл түркітілдес халықтарға, Орта Азияға, анық айтқанда, адамға ғана емес, табиғатқа да ортақ мереке. Тіпті табиғаттың төл тойы деуге болады. Қыс құрсауынан босаған тіршіліктің тамырына қан жүгіріп, қайта тіріледі, жаңарады, жасарады. Атам заманнан бері алдынан мал кетпеген қазақ көктемнің шығуына елден ерек қуанса, қазіргі кезде де Наурыздың маңызы арта түспесе, кеміген жоқ.
Дегенмен қаңтардың 1-інен есігімізден енеді деп есептейтін Жаңа жылды әлем-жә­лем әшекейлеумен ай бұрын бастай­тын біздер Наурызға келгенде неге шоқырақтап қалатынымыз өзімізге мәлім де бей­мә­лім.
Мейлі науқандық шара болсын, мейлі мерекелер болсын, соған орай өзіміз тұратын қаланы, елді мекенді, ғимаратты әдемілеп, әрлеп, әшекейлеп жатамыз. Жаңа жылда қай қаланы алсаңыз да, безендіруге байланысты жарыстар өткізіп, жүлдегерлерді марапаттау игі дәстүрге айналған. Тіпті ғимараттардың терезе­леріне дейін суреттер салып, өрнектеп тастайтын едік қой.
Жалпы безендіру – халықтың көңіл күйіне, белгілі бір тақырыпты қабылдауына, қызығушылық туғызуына әсер ететін үлкен шаруа. Безендіру, басқаша айтқанда, кә­дімгі жарнама.
Жарнаманы бизнестегілер бес саусақ­тай меңгерген. Ал ұлттық идеология тұр­ғысында жарнаманы қазіргі заман тала­бына сай қолданысқа енгізе алмай отыр­ғанымыз үлкен «әттегенайымыздың» бірі болса керек.
Тіпті көшедегі көп шыршаны, көркем безендіруді көрмей, үйден шықпай отыр­ған күннің өзінде Жаңа жылдың келе жатқанын теледидар сізге ай бұрын айтып, санаңызға сіңіреді. Ондағы несие, дәрі-дәрмек, тауар жарнамаларына дейін Жаңа жылдың иісі аңқып тұрады. Ал Наурыз дегенде таңдайымыз олай тақылдамайды. Неге? Бәрі санаға кеп тіреледі. Санаға енсе, қоғамға енеді. Қоғамға енсе, оны бизнес­тегілердің өзі-ақ дөңгелетіп әкетер еді. Қалай дейсіз ғой?
Жаңа жыл мерекесінде қай қаланың болсын алаңдарында Аяз ата мен Ақшақар демалушылармен бірге суретке түсуге әзір тұрады, тегін емес, әрине. Ал Наурыз мерекесінің төл кейіпкерлері Қыдыр ата мен Ұмай ананың немесе ертегілеріміздің ерлері Тазша бала, Алдаркөсенің кейпін­дегі адамдардың Ұлыстың ұлы күні алаңда алаңсыз жүргенін көрдіңіз бе? Жоқ.
Наурызға орай шығарылатын открытка­лар әулиесымақ Валентин күніндегідей өтімді ме? Оған да күмәніміз бар.
Бұл жерде әңгіме Наурыздан табыс табу, оны қаржы көзіне айналдыру емес, қайта Наурызды сахнадан қарсы алып, сахнадан шығарып салмай, елмен етене араластыру, жалпыхалықтық деңгейге көтеру, әрбір отбасының төл мейрамы ету. Сонда ғана тек мекемелер маңдай­шаларында, көшелердегі аспа қондырғы­ларда жазылатын Ұлыстың ұлы күніне арналған құттықтаулармен қатар, қаланың әрбір қалтарысы Наурыз нақыштарына толып тұрар еді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста