Табақ тарта білесіз бе?
Табақ тарту (кәделі табақтар)- Қазақта қонақтарға тартылатын табақтардың түрлері көп. Олардың ең негізгілері: бас табақ, қос табақ, сый табақ, күйеу табағы, келін табағы, жастар табағы, жай табақ.
Сый табақ – бас, жамбас, қазы-қарта, жал-жая, құйрық, сүбе.
Құда табақ – бас, жамбас, қазы-қарта, жал-жая, құйрық бауыр.
Құдағи табақ – жақ, қазы-қарта, қарын, тоқ ішек, асықты жілік.
Жеңге табақ – асықты жілік, сүбе, қабырға, мойын омыртқа, құйрық, өкпе, ұлтабар.
Беташар табақ – сүбе, төс еті, қарын, ащы ішек, құймышақ, мойын омыртқа.
Күйеу табақ – төс, тоқпан жілік, қабырға, омыртқа еті, қазы-қарта, жауырын, қойдың.
Қыз табақ – құйымшақ, тоқпан жілік, бел омыртқа, құйрық қабырға
Құрдас табақ – тоқпан жілік, омыртқа, сүбе қабырға, қазы, құйрық.
Бала табақ – бел омыртқа, қабырға, бүйрек, бақай, асықты жілік