«Сыр сүлейлерін» әспеттегеніміз осы ма?

«Сыр сүлейлерін» әспеттегеніміз осы ма?

Жаңа мыңжылдыққа қадам бас­қан 2000 жылы Қызылорда қала­сындағы Гагарин қыстағына жер­гілікті атқамінерлер жаңа атау берді.
Аспан әлеміне алғаш жол салған ғарышкер құрметімен аталған қонысқа осылайша «Сыр сүлейлері» деген құлақ­қа жағымды атау қойылды. Көмейінен ағыл-тегіл жыр-терме ақта­рылған өлкенің бұл өнегесі жергілікті жұрттың көңілінен шықты. Тағы бір қуаныштысы – ондағы көше атаулары да жаңартылды. Көптеген көшелер ескі шекпенін шешіп, оларға сүлейлер есімі берілді.
Хош делік. «Жақсылықтың ерте-кеші жоқ» дейді қазақ. Жоғын түген­деген ел марқайып қалды. Сол кездегі басшылар бұл жерге сүлейлерге ар­налған ескерт­кіш қойылады деген жылы жаңалық­ты жергілікті жұртқа жеткізген еді. Ара­да біраз уақыт өткен­де орнатылған ес­керткішті көргенде халықтың қуанышы су сепкендей басыл­ды. Аты дардай, заты жұрдай кішкене ғана белгіден басқа ешқандай дүние көзге шалына қойған жоқ. Тіпті оның көпшіліктің көзіне түсе бер­мейтін елеусіз күйде екенін жасыра алмаймыз.
Бұл аймақ қаланың шеткі бөлігіне орналасқан. Сол себепті де шешілмеген әлеуметтік проблемалар да шаш етек­тен. Сүлейлер ұрпағы мұндай келең­сіздікке өз өкпе-реніштерін білдіріп келеді. Әйтсе де, оған елең етіп жатқан ешкім жоқ.
Шалқыма ӘБДІРӘУІПОВА, Тұр­­ма­ған­беттің немересі: Атамның мұ­расы – Алаштың өшпес мұрасына айнал­ды. Алайда сүлейлер құрметіне қойылған белгіні олардың бізге қалдырған өнегесіне лайықты емес деп санаймын. Менің ойымша, бұл аймақтан көпшілік серуендейтін ар­найы демалыс орны ашылса дей­мін. Өкінішке қарай, оны тыңдап жатқан ешкім жоқ.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста