«Сыр сүлейлері» аллеясы ашылды

Сыр өңірінің бас шаһары Қызылорда қаласында «Сыр сүлейлері» аллеясы ашылды. Өнерлі өлкенің өрісін ашқан бұл жағымды жаңалық көпшіліктің көзайымына айналып үлгерді.
Былайғы жұрт «Сыр елі – жыр елі» де­ген­ді бекер айтпаса керек-ті. Расында да, қазақылық қаймағы бұзылмаған өңірде ерте кезеңнен ұлтымыздың ұлық тұтқан өнері – жыр мен термеге ерекше мән бе­ріл­ген. Аңызға толы даланың абызы атан­ған Қорқыт атадан бастау алатын сол өнер әлі күнге дейін ұрпақтан-ұрпаққа ұмытыл­май, өзінің лайықты жалғасын тауып ке­ле­ді. Бүгінгі күні де дария бойындағы қайсы­бір қонысқа ат басын бұра қалсаңыз, қа­зақ­тың қоңыр үні секілді домбыраны қол­ға алып, ән мен жырдың тиегін ағытатын азаматтар аз емес. Ендеше, ертеден бастау алған сол өнердің дара тұлғаларына ар­на­йы ескерткіш қою өздігінен сұранып тұрған мәселенің бірі еді.
Аллеяның қақ ортасында ескерткіш бой көтерген. Онда қобыз бен домбыра бей­несіне қосақталған қалам мен найза орнатылған. Оның өзіндік мәні бар. Дария бойы жаугершілік замандарда қолы­на найза ұстап, қас дұшпанына қарсы шыққан батырлар мекені екені белгілі. Ал жырау­лар сол баһадүр жандардың жігерін жа­нып, қайратына қайрат қосып, елдің ты­ныштығы мен бірлігін сақтауға күш сал­ды. Ескерткіштің қос қанатында Сыр елі мен оның бойындағы тарихи астаналар жай­лы жазылған. Күй атасы – Қорқыт пен қазақ ауыз әдебиетінің жанрлары туралы, «жыр­шы», «сүлей» ұғымдарына түсінік беріл­ген. Ескерткіштің авторлары – Аманкелді Кененбаев, Мұрат Сыдықов және Сейіт Мәкібаев. Аллеяны аралап шықсаңыз, Сыр өнері мен мәдениеті жайында толық мағлұмат алуға болады.
Берік ЖҮСІПОВ, Қызылорда облыстық мәдениет басқармасының бастығы:
– Әлімсақтан бері жыршылық өнерді дәріптеген Сыр өңірінде 500-ден астам сондай тұлға бар. Әрине, оның бәрінің есімін ескерткішке жазып шығу мүмкін де емес. Бұл – атадан аманатқа айналған ұлық өнердің бағасын арттырған әрбір өнер иесіне деген құрмет.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста