Сыр бойында – 12 жаңа мектеп

Сыр бойында – 12 жаңа мектеп

Соңғы жылдары Сыр елінде жаңа мектептерді пайдалануға беру жақсы үрдіске айналып келеді. Көне ғимаратта қоныс тепкен көптеген білім ошақтары мұғалімге де, оқушыға да қолайсыздық тудыратын еді. Енді олардың орнына жаңа ғимараттар бой көтеріп, жергілікті жұртшылық үлкен қуанышқа бөленіп отыр.

Биылғы жылы Қызылорда облысында жаңадан салынған 12 білім ошағы оқушыларды құшағына алуда. Оның жетеуі Елбасының «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша салынса, қалғаны жергілікті бюджет есебінен қолға алынған. Осының нәтижесінде 10 мыңға тарта баланың жаңа мектеп табалдырығын аттауына мүмкіндік туып отыр. Облыс әкімі Болатбек Қуандықовтың ұйытқы болуымен қазіргі таңда облыстық бюджет есебінен 20 мектептің құрылысы жүргізілуде. Елді сүйсінткен тағы бір жаңалық – алдағы уақытта облыста 1560 балаға арналған 11 балабақша бүлдіршіндердің бал күлкісіне толмақшы. Көп жылдан бері облыстың білім саласында мұндай көлемде мектептер құрылысы жүргізілген жоқ.

Облыстық білім басқармасының бастығы Жаңыл Жонтаеваның айтуынша, алдағы уақытта Қызылорда қаласында 500 орындық қазақ-түрік лицейінің құрылысын жүргізу қолға алынатын болады. Жаңақорған ауданының Қаратау беткейінен жыл бойы жұмыс жасайтын балалардың сауықтыру-тынықтыру лагерінің құрылысы қызу жүріп жатыр. Биылғы жылы мектептердің күрделі жөнделуіне 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп отыр. Ол былтырғы жылғыдан 4,5 есеге көп.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста