Шыңжаң қазақтарының рухани мұрасы туған топырақта түледі

Алаш жұртына сүйіншілейтін тағы бір жаңалық! Ата-баба­ла­рымыздан қалған сан ғасырлық мәдени, рухани құндылықтарымыз тағы бір баға жетпес бай­лық­пен толықты. Рухы асқақ­та­ған ару Аста­на­ның 11 жылдық тойы қар­саңын­да кезінде тағдыр тау­қы­меті­мен шекара асып кеткен қандасымыз Долда Кенешұлының құрас­ты­руымен «Шыңжаң қазақ­тарының рухани мәде­ниет үлгілері» атты жеті том­дық жинағының соңғы төрт томы жарық көрді. Был­тыр елорданың 10 жыл­ды­ғына орай, атал­ған жинақтың алғашқы үш томы «Атамұра» баспа­сынан басылып шыққан болатын. Көршілес Қытай елінен өзінің өмір бойы тірнектеп жинаған ән-күй, өлең-жырларын, мақ­ал-мәтелдерін шашау шығар­май, атамекенге жеткізген белгілі мәде­ниеттанушы, этнограф, зерт­теуші, сазгер Долда Кенешұлының бүгін­де еңбегі жанып, жұрт­шылық жеті томдықтың тұсаукесеріне куә болды.

Долда Кенешұлы отыз жыл бойы Қытай жеріндегі қазақтардың ауыз әдебиеті үлгілерін, ән-күйін, халық әндерін, жырларын, мақал-мәтелдерін жинап, аудиотаспаларға түсіріп, осыдан үш жыл бұрын Қазақстанға алып келген еді. Мұндай құндылықтарды атамекенге жеткізудегі мақсат – әдебиетке, мәде­ниетке қамқор азаматтардың қолына табыс етіп, өзінің туған жұрты алдындағы борышын ақтау болатын. Бір өзі бір институттың қызметін атқарған азамат атамекенге келісімен қолындағы барын Иманғали Тасмағамбетовке аманат етіп тапсырды. Мәдениеттің мәнін түсінетін, рухани құндылықтың бағасын білетін Имекең Долда Кенешұлы жеткізген таспаларды мұқият тыңдап, ондағы бұрын-соңғы халыққа жете қоймаған ән-күйлердің, жырлардың, баталардың, басқа да ауыз әдебиеті үлгілерінің жинақ болып басылып шығуын шұғыл қолға алды.
Сөзді қадірлейтін, өнерді құрметтейтін көзіқарақты халық үшін аталған жинақ шынымен де құнды. Осы тұрғыда Долда Кенешұлының еңбегін белгілі этнограф Шоқан Уәлиханов пен Александр Затаевичтердің мәдениетімізге қосқан үлесімен салыстыруға тұрарлық. Сондай-ақ аталған жинақтың жарық көруіне қазақтың беткеұстар азаматтары: белгілі ақын, «Жұлдыз» журналының бас ре­дакторы Ұлықбек Есдәулет, «Атамұра» баспа корпорациясының президенті Рахымғали Құл-Мұхаммед, Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның про­фессоры Ысқақ Біләл, халықтық шығар­маларды орындаушы Еділ Құсайы­нов сынды әдебиет пен өнер жана­шыр­лары үлес қосты.


Ұлықбек Есдәулет, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты:
— Долда Кенешұлы осыдан бірнеше жыл бұрын маған 20-30 касета мен төте жазуымен жазыл­ған қолжазбаларды алғаш әке­­ліп көрсеткен еді. Ол: «Ме­нің бақылауымша, өн­ер­­ге шын жаны ашитын бір адам болса, сол — Иманғали Тасмағамбетов болар деп ойлаймын. Осы қа­зы­нам ешкімге қолды болмай, сол кісінің қолына тисе, менің арманым жоқ» деп өтінішін білдірді. Мен Долдекеңнің аманатын Иманғали бауырымызға жеткіздім. Ол, әрине, бұл құндылықтың құнын бірден бағалап, рухани байлықты жинақтаушы жалғыз қазақтың еңбегінің жануына қолынан келгенін аяған жоқ. Ал маған осы істің басы-қасында болып, үйлестіруіме жолдастық тапсырма берді. Сонымен біршама азаматтардың еңбегімен қазіргі қолымыздағы жинақ жарық көрді.


Мұрат Әуезов, мәдениеттанушы:
— Қытайдағы қандастарымыздың «Адам күбірін тау естиді, тау күбірін Тәңірі естиді» деген жақсы бір сөзі бар. Олардың бай, әдеби, мәдени мұрасының бізге жетіп отырғаны – үлкен жетістік. Ал халқының бай мұрасының құрып кетпеуін ойлап, нағыз иелеріне қайтару үшін оны жинақтаушыда нағыз қазақы үлкен жүрек, намыс болуы керек. Мен осындай Долда секілді азаматтың халқының бағына жаратылғанына қуаныштымын. Қазіргі тіліміздің жай-күйі мәз емес болып тұрған шақта бұл – үлкен еңбек. Басымды иіп, мың да бір рақмет айтамын.


Долда Кенешұлы, жеті томдықтың құрастырушысы:
— Еліміздің еге­­мен­дігінің ар­қа­сын­да ме­н өмір бойы жи­наған ха­лық мұ­ралары же­ті кітап болып жа­рық көріп отыр. Мен өзімді ба­қыт­ты адаммын деп есептеймін. Әсіресе, балдан қалған сарқыттай ата-бабамыздың бізге қалдырған осы халық мұраларын кейін­гі уақытта да жалғастыру – біздің борышымыз. Мен осы мұраларды 1970 жылдан бастап жинадым. Қытай жерінде 1966-76 жылдар аралығында аумалы-төкпелі кезең болып, мәдени төңкерістің салдарынан көптеген мұраларымыз өртеніп, қиратылып, аспаптарымыз құртылды. Әумесер саясаттың салдарынан ән айтуға, күй тартуға тыйым салынды. Кейін әпербақан надандардың заманы өтіп, қателіктер түзетіле бастағанда, біршама өнерге жанашыр азаматтар құруға шақ қалған әдеби, мәдени мұраларды тірнектеп жинаумен болды. Халық мұраларын жинақтау теңізден тебен іздегендей машақатты жұмыс. Кез келген әнші-күйшіге барып, «мен мына әніңді, күйіңді жазып алайын» дегенге ешкім саған қолындағы барын жайып салмайды. Одан да біреудің қызын айттырып барған оңайырақ. Сондықтан мен бүгін еңбегімнің жемісін көріп отырғаныма шексіз қуаныштымын. Менің еңбегімді бағалап, жинақ етіп шығаруға көмектескен азаматтарға алғысымды білдіремін.

 

Түйін
Игілікті іске халық қашан да қуанады. Әсіресе, «елім, жұртым» деген азаматтарды туған халқы бағалайды. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірлесе атқарылған жұмыстың жемісіне бүгінде баршамыз куәміз. Құрамында Біләл Ысқақ, Айтқали Жайымов, Еділ Құсайынов т.б музыка мамандары, зерттеушілері мен орындаушылары бар жұмыс тобы жинақтағы ән-күйлердің нотаға түсуіне, олардың іріктелуіне қыруар еңбек сіңірген. Бір жылға тарта жүргізілген еңбектің нәтижесінде, ұлтымыздың мәдени мұрасы 128 сыбызғы күйіне, 300-ге тарта домбыра күйіне, 400-дей ән үлгілеріне толықты. Кешегі өткен жеті кітаптың тұсаукесерінде қазақ өнерпаздары жинаққа енген ән-күйлерден шашу шашты.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста