Шыңғыс хан ұрпақтарының генеалогиялық тарихын түгендеуге арналған тұңғыш шығарма дүниеге келді. «Шыңғыстықтар» деп аталатын кітапты құрастырушылар – Ғизат Табылдин мен Анатолий Оловинцев. Кеше Алматыда жаңа туындыны таныстыруға арналған кешке белгілі ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов, кітап авторлары және Шыңғыс ханның ұрпақтары қатысты.
Кітапты құрастырудағы негізгі мақсат – жер бетіндегі Шыңғыс ұрпақтарын түгендеу. Зерттеу жұмыстары көрсеткендей, даңқты тарихи тұлға, атақты қолбасшының ұрпақтары тек қана Моңғолия, Орталық Азия, Ресейде ғана емес, сонымен бірге Еуразия құрлығынан сыртқары елдерге де кең жайылған екен. Қазақ халқының тарихында Шыңғыс хан ұрпақтарының ерлік, батырлық істері кеңінен дәріптеледі. Әсіресе, билеушінің тікелей кіндігінен тараған ұрпақтары арасында атағы алты қырдан асқан қолбасшы, хандардың ел тарихында алар орны ерекше. Солардың қатарында Алаш ұлдары, әсіресе қазақ халқының соңғы ханы – Кенесарыны өзгеше құрмет тұтады. Авторлардың сөзіне қарағанда, мұндай кітаптың өмірге келуі заңды. Авторлар 10 жыл бойғы зерттеу жұмыстары барысында XIII-XXI ғасырлар аралығындағы Шыңғыс ұрпақтарын түгелдей қамтыған. Кітапта Еуразия құрлығында өмір сүрген түркі мемлекеттері билеушілерінің 5000-нан астам есімдері жазылған. Мұндай ғылыми жұмысты атқару үшін авторлар америкалық биолог, генетиктердің көмегін пайдаланған.
Шыңғыстықтар шындығы
Последние статьи автора