«Шындық, шындық деп қазақтың к...ін аша бермеңдер!»: Смағұл Елубай Садық Шерімбекке ашуланды

«Шындық, шындық деп қазақтың к...ін аша бермеңдер!»: Смағұл Елубай Садық Шерімбекке ашуланды

Youtube арнасындағы NewOldQazaqtar бағдарламасының кезекті шығарылымына белгілі жазушы, драматург Смағұл Елубай мен «Жүз» кітабының авторы, мамандығы бойынша IT маманы Садық Шерімбек қатысты. Бағдарлама барысында аға буын өкілі жас жазушының бір ауыз сөзін көтере алмай, түсірілім алаңынан шығып кетті, деп жазады sn.kz ақпарат порталы.

Аға және жас буынның бір саладағы өкілдеріне пікір алмастыруды көздеген, ескі жертөледе өтетін бұл бағдарламаға алдымен келген Смағұл Елубай: «Жердің үстіндегі сұхбатты бітіріп, енді жердің астына кірдік пе?» - деп бір қағытып қойды.

Ал қос қаламгерді таныстырған бағдарлама жүргізушісі Аман Тасыған Садық Шерімбектің шығарманы боқауыз араластырып жазатынын айтып, Смағұл Елубайдан ондайға қалай қарайтынын сұрады.

«Қазіргі қазақ тілінің жағдайы мәз емес. Әсіресе, біздің халықтың қолданатын боқтық сөзі, қарғыстары, ұрсысқанда айтылатын сөздері ұмыт болып бара жатыр. Көбінесе біздің жастар орысша боқтасып кететін болды.

Бірде Хасан Оралтай ағамыз 90-жылдары Қазақстанға әзер кіріп, көк базарға барса, онда екі қазақ әйел ұрсысып тұр екен. «Бір кезде мені көріп тоқтай қалды. «Ой, айналайындар, ұрсыса беріңдер, ұрсыса беріңдер... Қандай рахат!» дедім», - дейді. «Бұндай қазақы ұрсысты естімегелі қай заман?!» деп анау әйелдерді құшақтапты.

Мінеки, сондықтан ана тіліңде талантты жазылған шығарманың бәрін де оқуға құмармын. Егер Садық шын мәнінде қазақтың халықтық сөзімен кітап жазып жатса, ол жақсы нәрсе деп ойлаймын», - деді жазушы.

Одан кейінгі әңгіме кітап оқу мәселесіне ойысқанда, аға жазушы дүкендегі қазақ кітаптарының көбіне «жетім бұрыштарда» тұратынын айтты. Ол пікірді жас қаламгер де құптап отыр.

«Кітап дүкендерімен, әдеби агенттермен жұмыс істеу деген түсінік біздің замандастардың да көпшілігінде жоқ. Ал Кеңес үкіметі кезінде жаңа маркетинг салаларын игеруге қатты қажетілік болмаған», - деген Садық Шерімбек, қазіргі заманда жалғыз жазушы ғана емес, саудагер де бола білу керек екендігін жеткізді.

Осы орайда, Смағұл Елубай: «Жазушылардың бәрі бірдей саудагер, коммерсант емес. Олар жазуды ғана білуі керек. Ал таратушы, сатушылар – әдеби агенттер. Міне, сол әдеби агенттің бірде-біреуі Қазақстанда төбе көрсеткен жоқ. Бәлкім, соларды дайындайтын институттар керек болар», - деді.

Ал «Қазақ әдебиеті бүгінгі өмірден қалып қойды, заман ағымына әлі ілесе алмай келе жатыр» деген ой екі жазушыға да ортақ болып шықты. Себеп – қала тақырыбы қаузалмаған. Смағұл Елубай қазақ жазушыларының оқырмандары ауылда қалғандықтан, олар шығарманы сондағы қазақтар үшін жазатынын тілге тиек етті.

«Қала тақырыбының аз көтерілетіні рас. Ол қазақ тілінің қаладағы мүшкіл халіне байланысты. Қала қазақтары советтік тілден, советтік ойлаудан шыға алмай қалды. Әлі күнге дейін ауладағы балалар бір-бірімен орысша сөйлеседі. Сонда мен оларды кейіпкер қылып алуым керек пе?» - деген жазушыға журналист: «Бірақ, ол өмірдің шындығы ғой», - деп сынай қарады.

«Ондай өмірдің шындығына түкірдік! Қазақтың өз ұлтын сатып, орыстанып жатқанын насихаттайтын болсақ, онда біз міндетті түрде тәуелсіздігімізге қарсы шығамыз», - деді қашанғы сабырлы қалпын сақтаған Смағұл Елубай.

Өз кезегінде Садық Шерімбек: «Жазушылар одағы деген қара шаңырақта клан-кланға бөлініп, өз қызығушылығын қорғап, екінші біреуге жол ашпай жатқан кезде, қалайша тұтас бір ұлттың әдебиеті қарыштап дамуы мүмкін?» - деген ренішін білдірді.

Осылайша, қаламгерлер өзара тіл табысып отырғандай болып еді, қызықтың көкесі «Өзі жоқтың көзі жоқ» деген айдар кезінде басталды. Жүргізуші шай құйып әкелуге кеткенсіп, екеуін бір талқыда оңаша қалдырды. Сол сәтте, Садық Шерімбектің бұрынырақ айтқан «Тарихи киноларда ойнайтын актерларға дұрыс диалог жазып беретін жазушылар жоқ» деген пікірі Смағұл Елубайдың шамына тиіп кетті.

«Анау жоқ, мынау жоқ деп сынау деген оп-оңай. Ол – мына Садық сияқты қаламгерлерге жараспайтын дүние. Жұрттың бәрі кухняда отырып сыншы болып кетті ғой. Ұнамаса, киноға қатысып, жұртқа ұнайтын диалогтарды өзің жаз!» - деп бір тоқтады ол.

Садық та айтқанынан қайтпай: «Жазушылар «бізге қолдау жоқ» деп жылай бермей, коммерциялық киноларға сценарий жазсын. Маған батырлардың әсіреәдебиеттенген образдары ұнамайды», - деп еді, оған тәжірибелі жазушы: «Қазақты сорлы қылып көрсетсе, оған шетелде шындықты айтты деп бәйге береді. Ал қазақты адам қылып көрсетсең, өтірік дейді. Ол – мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан евроцентристік көзқарас. Сондай еуроцентристік көзқарас бәріміздің миымызды жаулап алды. Содан әлі күнге дейін арыла алмай келеміз...», - деп дүрсе қоя берді.

Тіпті, ашуға булыққан Смағұл Елубай, бағдарлама басында Садық Шерімбекті боқтап жазады деп таныстырған соң ба, онымен «өз тілінде сөйлесуге» көшті.

«Шындық, шындық деп қазақтың к...ін аша беруге бола ма, айналайын?! К...ін ашып жүрген кинода да бар, әдебиетте де бар. К...ін ашпаңдар, айналайындар! Сіздерсіздер, қазақтың к...ін ашқан! Сау болыңдар!» - деп қолындағы шәшкесін үстел үстіне тарс еткізіп қойып, кетіп отырды.

Алайда, көп ұзамай қайтып келіп, өзінің қазаққа қатысты мәселені ақырын айта алмайтынын, бүгінде санасы жойылып, тобырға айналып бара жатқан ұлтымызды одан сайын тұқырта бермей, еңсесін тым құрыса тәуелсіздік жылдарында көтеруіміз керектігін, ол үшін тарихи киноларды жыл сайын түсіруге тиісті екенімізді нығарлап жеткізді.

Одан кейін бағдарлама соңында Аман Тасығанның «Әдебиеттің оқылмай жатқанына жазушы, технология, оқырман үшеуінің қайсысы кінәлі?» деген сұрағына Садық Шерімбек ұтымды жауап берді.

«Бұл жерде кінәліні іздемейік, мәселе – үшеуінің үйлесімсіздігінде. Біздің ақын-жазушылардың көбі – кедей. Оқылмай қалған себебі, қайсысын алсаңыз да – жылап отырған ақын-жазушылардың шығармалары. Өз өнімін коммерциализациялай алмайды. Ақша жоқ. Ал ақшасы жоқ адам – кедей. Кедей адамда рух болмайды, көкірек болады», - деген Садық ініні «ол рас» деп Смағұл аға құптап қойды. Соңында олар қол алысып тарасты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста