Шымкентте «Отырар» кітапханасы салынды

Шымкентте «Отырар» кітапханасы салынды

Шымкент қаласының бас жоспарына сай болашақ әкімшілік-іскерлік орталығында облыстық кітапхананың жаңа ғимараты бой көтерді.
«Нұрсәт» ықшамауданында орналас­қан нысанға қазақ даласының бағзыдағы өркениет ошағы Отырар шаһарының есімі берілді. Енді бұл ғимарат облыстық Алек­сандр Пушкин атындағы ғылыми-әмбебап кітапхана ұжымына берілмек. Бүгінгі таңда 340 мың кітап қоры бар ірі мәдениет оша­ғы жаңа ғимаратқа жайға­сып та үлгерді.
Шәрбану ДІНӘСІЛОВА, Оңтүстік Қазақстан облыстық «Отырар» кітапханасы директорының орынбасары:
– Ғимараттың құрылысы өте жылдам аяқталды. Бір жыл ішінде қолданысқа беріледі деп ойламаған едік. Барлық кітап қорымызды жасақтап, көшіп жатырмыз. Ал кітапхананың «Отырар» деп аталғанына қуанып тұрмын. Бұл ұғым – тарих бетінде жұрнағы қалған қасиетті атау. Өңірдегі зиялы қауым өкілдері келіп, кітапхананың жағдайы­мен танысып, қуанышымызды бөлісіп жатыр. Бастысы – Шымкентте осындай ірі кітапхана салынғаны мәдениеттің деңгейін көрсетіп береді.

Жоба құны – 700 миллион теңге. Кітапхананың құрылыс жұмыстары өткен жылы тамыз айында басталған болатын. Ал оқырмандар үйінің ресми ашылуы қазан айының 28-іне жоспарланып отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста