Шығыста айтыс өтті дүркіреген...

Шығыс Қазақстан облысы­ның 80 жылдығына орай, Өске­мен­де екі күнге созылған республика­лық айтыс мәреге жетті. Ұлттық өнердің жанашыры, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Жүрсін Ерманның өзі бастан-аяқ жүргізген жыр додасына Әселхан Қалыбекова, Әсия Беркенова, Есенқұл Жақыпбеков сынды халық ақындары мен Ақұштап Бақтыгереева, Серік Құсанбаев секілді есімдері елге танымал азаматтар қазылық жасады.
Алдағы желтоқсан айында ел Тәуел­сіздігі күні қарсаңында Астанада өтетін аламанға екі ақын ғана іріктеліп алынатын бұл айтысқа тоғыз жұп, яғни 18 ақын қа­тыс­ты. Жыр додасына есімдері елге таны­мал Балғынбек Имашев, Серікзат Дүйсен­ғазин, Ринат Зайытов, Рүстем Қайыртай­ұлы сынды ақындармен қатар, өскемендік Есім­жан Нақтыбайұлы, қызылордалық Ме­йірбек Сұлтанхан секілді жас ақындар да қатысып, айтыстың көрігін қыздырды.
Екі күн бойы Ертістің бойын жайлаған жұрт пен елдің жағдайын, мұңы мен за­рын, қайғысы мен қуанышын жырлаған ақын­дар­дың жүзден жүйрігі де анықталды. Об­лы­сымыздың 80 жылдығына орай өткі­зілген республикалық айтысқа қатысу­шы­лардың ешбірі марапатсыз қалған жоқ. Жүл­де бұйырмаған 10 ақынға 150 мың тең­ге тапсырылса, төрт ақын: Ринат Зайы­тов, Мейірбек Сұлтанхан, Асхат Қылышбек және Жақсылық Орынбасар 200 мың тең­ге­нің көтермелеу сыйлығын алды. Үшінші орын (400 мың теңге) керекулік Аспанбек Шұғатаевқа бұйырды. Жандарбек Бұлға­қов екінші орынға көтеріліп, 600 мың тең­гені қанжығасына байлады. Балғынбек Имашев айтыстың бірінші орнынан көрін­се, ойлы жырларымен жұртты тамсандыр­ған Әсем Ережеқызы айтыстың бас жүлде­гері атанып, қос жүлдегер де темір тұлпар­ға ие болды.
Бердібек Сапарбаев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
– Осынау аламан айтысты Өскеменде өткізуді сұраған тілегімізді екі етпеген мәдениет және ақпарат министрі Дар­хан Мыңбай мен оны тамаша өткізген Жүрсін Ерман мырзаларға, кемшін тұс­тар­ды ашық айтып, жақсылығымызды жар­қырата сөз саптаған ақындар мен әділқазылық жасаған ардақты жандарға мың да бір рақмет! Айтыс барысындағы өңіріміздегі жолдарға байланысты ай­тыл­ған сындарды міндетті түрде ескере­міз. Көшелер мен ескерткіштердің жағ­да­йы да жөнге келетін болады. Бізге ең басты керегі – ел бірлігі. Жақсы іс-шара­ға, игілікті істерге шығыстың есігі қашан­да айқара ашық, дастарқаны жаюлы. Ел-­жұртымызға рух беретін осындай іс-ша­ралар дәйім көп болсын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста