«Шығыс шынары» Бауыржан Жақыпқа бұйырды

«Шығыс шынары» Бауыржан Жақыпқа бұйырды

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнал­ған «20 жарқын іс» акциясы аясындағы «Шығыс шынары – 2011» атты ІІ халықара­лық мүшәйра Өскемен қаласында өтті.
Шығыс Қазақстан облысының әкі­мі Бердібек Сапарбаевтың бастама­сымен өмірге келген бұл шара өткен жылы алғаш рет ұйымдастырылып, еліміздің түкпір-түкпірінен, шетелдегі қан­дастарымыздан 170 ақын қатыс­қан-ды. Мақсат еліміздің шұрайлы да шы­райлы өлкелерінің бірі – Шығыстың ғасырлар қойнауындағы тарихын, ата-баба ерлі­гін, Тәуелсіздік жылда­рын­дағы жеткен жетістіктерін, табиғат көр­кін жырға қосып, жас ұрпақтың санасына отансүй­гіш­тік рух ұялату, дана Абай туған өлке­нің кешегі, бүгінгі тарлан ақындарының ізбасарларын түлетуге саяды.
Биылғы мүшәйраға еліміздің әр түк­пірінен, Қырғызстан, Өзбекстан, Моң­ғолия, Қытай қатарлы шетелдер­ден 108 ақын қатысып, осылардың іші­нен сайдың тасындай іріктелген санаулысы ғана соңғы кезеңге жолда­ма алған. Ақындардың шалқар ша­быт­­тан туған  салқар жырлары бірінен-бірі асып түседі. Деген­мен де өрнекті өле­ңімен талайға таңдай қақтыр­ған Қазақстан Жазушылар одағының мү­шесі, М.Мақа­таев атындағы, мемле­кет­тік «Дарын», «Жастар» сый­лық­та­ры­­ның лауреаты Бауыржан Жақып бас жүлдені еншіледі.  1-орынға  – алма­ты­лық ақын, «Жас қа­зақ үні» газетінің ре­дакторы Қазыбек Иса, 2-орынға  ал­ма­­ты­лық Жарас Сәрсек пен астана­лық Жанат Әскербек­қызы ие болды. 3-орын­ды ақын Жәркен Бөдеш, Жүр­сін Ерман, Ұларбек Дәлей енші­леді.
Жалпы, іріктелген ақындардың еш­қай­сысы да ескерусіз қалған жоқ. Ақын Әлия Дәулетбаева, Бақыт Беделхан, Кәдірбек Құныпиялар – арнаулы сыйлыққа, Азамат Тас­қара, Динара Мәлікова, Асанқадыр Иса­бек, Қорғанбек Аманжол ынталандыру сыйлықтарына ие болды.
Дүбірлі жыр додасының көрермендері сұлу жырмен сусындап қана қоймай, Шы­ғыс­тың әр үйінің төрінде тұрар құнды туын­ды­лар – биыл жарық көрген «Демократия сал­танаты», «Шығыс жұлдыздары», «Шы­ғыс шынарлары» деп аталатын үш кітаптың тұсауын кесу рәсімінің куәсі болды.
Жиын соңында облыс әкімі қазақтың көрнекті ақыны Тұманбай Молдағалиевті Абай атындағы арнайы сыйлықпен ма­ра­пат­тады. Сондай-ақ қазақ әдебиетінің да­муы­на қосқан үлесі үшін Қазақстанның Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов, бү­кіл өмірін баспасөз қызметіне арнаған, Қазақ­стан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Кеңес Юсупов, мемлекеттік «Ақ жауын» камералық оркестрінің көркемдік жетекшісі, Қазақстан Республикасының ең­бек сіңірген әртісі, күйші, сазгер Секен Тұ­рыс­беков биылғы жылдың мерейтойы сый­­лығының иегері ретінде марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.
Бердібек Сапарбаев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
– Елдің елдігін танытатын, атын шығаратын әдебиет екені белгілі. Әрі өлең-жыр – халқымыздың атадан бала­ға жалғасып келе жатқан киелі өнерінің бірі. Сол өнердің кіндігі үзілмей, ұр­пақ­тан ұрпаққа жалғасуы үшін, кемелдене беруі үшін жыр мүшәйрасын дәстүрге ай­налдырмақ ниеттеміз. Бұл – біздің егемендігіміздің арқасы. Өскемен қала­сында қазақ ақындарының мүшәйрасын өткізу бір кездері өңіміз түгіл, түсімізге кір­меген. Сондықтан Тәуелсіздігіміздің Туын көтеріп, тұғырын бекемдеген Ел­ба­сымызға алғыс айтамын. Өткен жыл­ғы мүшәйра ұлы Абай бабамыздың туға­нына 165 жыл толу мерекесіне ар­нал­са, биыл ел Тәуелсіздігінің 20 жыл­дығына арналып отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста