«Суықтөбеден Сұлутөрге дейін»

13 қарашада Қордай аудандық мәдениет Үйінде белгілі жазушы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Президент сыйлығының иегері, Қазақстан Журналистикасы академиясының академигі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Жұмабай Шаштайұлының 65 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті.
Жұмабай Шаштайұлы алдымен балалар кітапханасында болып, №2 орта мектеп оқушыларымен кездесті. Өзінің балалық кезеңі мен шығармашылық жолы туралы әңгімелеген Жұмабай ағаға оқушылар тарапынан қойылған сұрақтар өте көп болды. Қойылған сауалдардың мәні мен мағынасына ризашылығын білдірген жазушы өзінің өмір жолы туралы айтып, баларды ең алдымен кітапқа құмартуға шақырды.
«Суықтөбеден Сұлутөрге дейін» деп аталған шығармашылық кешке елімізге танымал жазушылар мен ақындар, ғалымдар және өнер қайраткерлері қатысты. «Белгілі жазушы, публицист Жұмабай Шаштайұлының шығармашылық кешіне қош келдіңіздер. Бұл кештің Қордай ауданында өтуі жәйдан-жәй емес. Себебі, Жұмабай Шаштайұлы еңбек жолын Красногор ауданында бастаған», - деп кеш тізгінін ұстаған белгілі журналист Болат Мүрсәлім келген қонақтарды таныстырып өтті. Мерейтой иесін құттықтауға сахнаға көтерілген Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері - Маралтай Райымбекұлы туған жерге арналған өлеңін оқып, мерейтойға жырдан шашу шашса, көрнекті әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, «Жамбылтану және халық ақындары» ғылыми-зерттеу институтының директоры Бекен Ыбырайым қазіргі қазақ әдебиетінің жай-күйі туралы әңгімелеп, жазушының «Аспанқора» повесіне тоқталып өтті. Құттықтаушылар қатарында болған Қазақстан Жазушылар одағы Жамбыл облысы филиалының төрағасы, «Жамбыл» әдеби-көпшілік журналының Бас редакторы Несіпбек Дәутайұлы Ж.Шаштайұлының күрделі мәселелерді көтеріп жүрген қаламгер екендігін айтып өтті. Аталған ақын-жазушылармен қатар бұл басқосуға Алматы облысының Құрметті азаматы, қоғам қайраткері Әскербек Абаев келіп, жақында ғана Сүйінбай Аронұлының 200 жылдығына орай шығарылған 4 томдық кітапты және сол мерейтойдың символы болған домбыраны аудан әкімі Қайрат Досаевқа табыс етті. Кеш барысында жазушының әр жылдары журналистика саласында атқарған еңбегі, шығармалары жайында үлкен экраннан көрсетілді, сонымен қатар бұрынғы Красногор ауданындағы «Коммунизм жолы» газетінде еңбек ете жүріп етене жақын болған, әріптес, жолдастары, қазіргі Қордай аудандық мәслихатының хатшысы Біржан Әлімбет пен Кенен ауылының тұрғыны, журналист Әскен Бәтішев өткенге шолу жасап, сонау 60-70-ші жылдарға жетеледі. Сонымен қатар, ауданымыздың Құрметті азаматы Шөпен Молдақалықұлы да ақсақалдар атынан алғысын айтып, шығармашылық табыс тіледі. Кеш соңында сөз алған аудан басшысы Қ.Досаев қаламгерді бүгінгі мерейтойымен құттықтады. «Бүгінгі кешке жиналған қауым Қазақстанға еңбегі сіңген жазушы Жұмабай Шаштайұлының өмір жолы, еңбек еткен салалары, шығармашылығы, жеке кісілік келбеті туралы біраз қанық болды деп ойлаймын. Әрі рухани байып, жүрек түпкіріндегі әдебиетке деген ынтасын, құштарлығын оятып, көркем сөзге қызығушылығын арттырды деп сенемін. Осы үшін де әдеби кештерді жиі өткізуді дағдыға айналдырсақ, одан ұтпасақ, ұтылмасымыз хақ. Қаламынан туған шығармалары оқырманның жүрегіне жол тауып, әдебиетке қосылған сүбелі үлес болды. Оның ішінде «Аязби» романы Красногор ауданының сол кездегі өмірінен алынып, үлкен шығармаға арқау болғаны біз үшін қаншалықты маңызды екені айтпаса да түсінікті», - деген аудан әкімі Жұмабай Шаштайұлына қазақи дәстүрмен басына бөрік кигізіп, иығына шапан жауып, алғыс хатын табыс етті. Кеш барысында республикаға танымал күміс көмей әншілер Қарлығаш Қожағазина, Айгүл Мақашева және Алматы қаласы мен Алматы облысының жас дәстүрлі әншілері, оның ішінде «Сүйімбай сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің әншілері Есбол Шаңбаев пен Ұлжан Ағлақова әннен шашу шашса, ауданымызға танымал күйші Қуаныш Ахметов өзінің «Шер» атты туындысын орындап беріп, ел алғысына бөленді. 

Айгүл Сәметқызы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста