Суып барып, жылып қайтқан

Суып барып, жылып қайтқан

Мұқағали – бар қазаққа ортақ жан. Ол қазақ жерін батыс пен шығыс, оңтүстік пен солтүстік деп алаламады, бірдей сүйді. Мұны қазақ ақын-жазушылары ат басын сирек бұратын Қызылжарға келген сапарынан да аңғарамыз. Қазағы аз қаланы жатсынбай, бірнеше күн болып, шығармашылықпен айналысқан.
Ақынның теріскейдегі шаһарға сапа­ры жайлы жергілікті ақын Мүтәллап Қанғожин былай еске алады:
– 1974 жылдың жазы. Күнделікті күй­беңмен жұмыс бөлмесінде отыр едім, телефон шылдыр етті. Трубканы көтерсем – ар жағынан гүрілдеген біреу мені сұ­рай­­ды. «Мен Мұқағалимын. Осындағы қо­нақүй­де ауырып жатырмын. Тез жет», – деді. Көп ойланатын уақыт жоқ. Мұқаңа дереу медициналық көмек керек. Бауырына жағатын тамақ әзірлеу қажет. Мұқаң үйіме де, ауруханаға да баруға қарсы болды. Қалалық, облыстық дәрігерлер ем-домын қонақүйде жасады. Әйтеуір, үш тәулік дегенде ақын ағаны аяғынан бастырдық-ау.
Мұқаң осы сапары барысында об­лыс­тық телеарнаға бірнеше сұхбат берді. «Ақ­қулар ұйықтағанда» поэмасы тұңғыш рет облыстық «Ленин туы» газетінде жарық көрген екен. Мүтәллап Қанғожиннің айтуынша, Алматыдан ренжіп келіп, ауырып қалған ақын Қызылжардан жаңа леп алып қайтқанға ұқсайды. Мұны мынау өлеңінен де аңғаруға болады:

Сән түзеген Есілдің өңірінде,
Ақ қайыңдар әлі тұр көңілімде.
Ерекше еді ол жердің көлі мүлде,
Ерекше еді ол жердің елі мүлде.
Ерекше орын алып жүр көңілімде.
Суып барғам, суытқан қылықтардан
Жылып қайтып кеткен ем,
                                    (суып барғам)...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста