Суретке түсудің де сыры бар...
Көпшілігіміз суретке түсуге құмармыз. Естелік үшін. Алайда фотоға түсу мен оны сақтаудың ерекшеліктеріне ешкім де аса мән беріп қарамайтыны рас. Британ ғалымдары көп жылғы зерттеулері бойынша мынадай қорытындыға келіп отыр. Суретке түсер алдында өзіңіз қаламайтын адаммен қатар тұрмаңыз. Оның сізге деген теріс көзқарасы көпке дейін өзіңізге жағымсыз әсер етуі мүмкін. Кез-келген үйде фотоальбомдардың алғашқы бетіне жасы үлкен қариялардың суретін жапсыруға құмар. Бұл дұрыс емес. Керісінше, жасы үлкендерді альбомның соңғы беттеріне, ал үйдегі кішкентай бүлдіршіндерді алғашқы бетке орналастырған дұрыс.
Сонымен қатар, отбасылық альбомның арасынан қылмыскерлердің, жеңіл жүрістілердің, араққұмарлардың, құмар ойнаушылардың, ауыр науқастан көз жұмғандардың суреттерін алып тастаған жөн. Бірінші көрген адамға өз суретіңізді сыйлай беруге болмайды. Тіпті өз досыңызға да суретіңізді сеніп тапсыру дұрыс емес. Кім біледі, ол бүгін досыңыз болса, ертеңгі күні қасыңызға айналып кетпесіне кім кепіл? Кез-келген көріпкел тәуіптер адамның фотосуретіне қарап-ақ оның осал тұстарын, алдыңғы және соңғы өмірін қолдан қойғандай етіп айтып бере алады. Тіпті суретке қарап қария магияны қолдануы да бек мүмкін. Сол себепті де сізге «доспын» деп жүрген адам тәуіптер арқылы сізге зиянкестік жасауы мүмкін. Егер ажырасып кеткен әйел қабырғада бұрынғы күйеуінің суреті ілулі тұрса оны алып тастағаны дұрыс. Өйткені жаңаша өмір бастауы үшін ілулі суреттің басқа адамды «жібермеуі» мүмкін. Сол сияқты қабырғаға кез-келген адамның суретін іле берген де дұрыс емес. Қайтыс болған адамды суретке түсіруге болмайды. Түсіру сәтінде өліктің рухы фотоға «еніп» кетуі мүмкін. Сөйтіп көпке дейін тыным таба алмауы ғажап емес. Сонымен бірге, табиғат аясында суретке түскенде де абай болған жөн. Қаратал мен еменнің қасында тұрып суретке түсуге болмайды. Емен көпжылдық ағаш болғандықтан айналасынан көп энергия тартып алады. Ал керісінше аққайың, алма, шие ағаштарының жанында тұрып түскен дұрыс. Нарцисс гүлі жалғыздықтың, өзімшілдіктің белгісі. Сол себептен де оған жоламауға тырысқан жөн. Осы қағидаларды қаперіңізге ала жүрсеңіз, өзіңізге пайдасы тиері анық.