Сұлулықтың бір синонимі – музыка...

Сұлулықтың бір синонимі – музыка...

Ғылым-білім, жаңа технология тұрғысынан алғанда, өзгелерден оқ бойы озық тұрған Жапонияның жалпы білім беретін мектептерінде музыка пәні бойынша қосымша курстар міндетті бағдарлама ретінде енгізілген. Соның негізінде Күншығыс елінің балаларына ең болмағанда бір аспапта ойнап үйрену міндеттелген...
Мамандардың бұл реттегі пікірі «му­зыкалық аспапты игеру баланы көп нәр­се­ге баулып, жан-жақты дамытады. Жасөс­пірімнің әртүрлі стресс жағдайлары мен олар­дың салдарларына қарсы тұра алу қа­білеті артады. Музыканың тіпті бала жан-жүрегіндегі әлдебір туа біткен жа­рақаттарды емдейтін де қасиеті зор» де­генге саяды. Қалай болғанда да, жалпы, му­зыканың жасөспірім жандүниесін байы­тып, сұлулықты көре білуге және түсінуге тәрбиелейтіндігі анық. Сондықтан да болар, баяғыда өз елімізде де музыкаға, өнерге айтарлықтай мән берілетін. Оқу­шылардың көктем сайын өтетін аудандық, облыстық өнер байқауларына бүкіл мек­теп болып қыстай дайындалатын. Кон­церт­тік бағдарламаның неғұрлым жан-жақ­ты болуы қарастырылып, хор, вокал, жеке орындаушылар, би, мәнерлеп оқу, ас­паптық музыканы жеке және оркестрмен орындау деген сияқты нөмірлердің түгел қамтылуына күш салынатын. Енді ойлап отыр­сақ, сондағы мақсат – екінің бәрін әр­тіс қып шығару емес екен. Яғни мек­тептегі сол хор, вокал, оркестр дегеннің бәрі балалардың өнерге талабын ұштап қана қоймай, оларды бұйығылық, оқшау­лану іспетті жағымсыз әдеттерден арылта отырып, ортаға үйретіп, еркіндікке, өзара бауырмалдылыққа баулу мақсатынан туын­­даған. Бүгінде сол жақсы үрдіс үзіліп қалды. Әр кезеңдерде балалардың түрлі байқауларын ұйымдастырып, үзіп-жұлып бірдеңе өткізіп жүргеніміз болмаса, жүйелі ештеңе жоқ. Мектептердегі музыка пәні бас­тауышпен бітеді. Бірқатар білім ұяла­рында домбыра үйірмелері бар, әрине. Бі­рақ ата-аналардың көпшілігі оқу бағдар­ламасының қиындығынан онсыз да ти­тықтап жүрген перзенттерінің алтын уақы­тын «артық жүктемеге» сарп еткісі кел­­­­­­мейді. Өйткені музыка пәнінің қосымша курстары бізде жоғарыда айтылған Күн­шығыс еліндегідей міндетті емес.
Соның салдарынан қоғамымызды му­зы­калық сауатсыздық жайлап барады. Аға буын болмаса, бүгінгі балалар ертеректегі Құрманғазы, Тәттімбет, Ақан сері, Біржан салдар түгіл, тіпті Шәмші, Әсет, Әбілахат, Нұрғиса сынды күні кеше ғана бүкіл қа­зақты әнімен, күйімен әлдилеген айтулы аға­ларының кім екенінен, қандай мұралар қалдырғанынан хабарсыз. Осы жерде «бүкіл білім жүйесін реформалай отырып, му­зыка пәнін оқытудың да жаңа мето­ди­касын енгізсе...» деп еріксіз ойлайсың. Әсі­ресе, бастауыш сыныптарда балаға гу­манитарлық білім беруге көбірек ден қойылуы тиіс екендігін мамандар айтып та, жазып та жүр. Яғни әуел бастан ой-қия­лын ұштап, дүниетанымын кеңейткен жағдайда бала жандүниесі бай, жан-жақты азамат болып қалыптасады.

Осы тұрғыдан алып қарағанда, «математика – логикаға, ал музыка бәріне үйретеді» деп есептейтін жапондықтардың елдің ертеңгі болашағына бүгіннен қам жасауды мұрат тұтып отырғанын аңғару қиын емес. Ұлттық идея жөніндегі жалаң ұранмен, болмаса, түрлі жобалармен мәдениетті қалыптастыру мүмкін емес. Мәдениетті адам моделі сұлулықты сезіне білу арқылы негізделеді. Ал сұлулықтың бір синонимі – музыка...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста