Сұлтандар мен арулар сынға түсті

Сұлтандар мен арулар сынға түсті

Таяуда Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Байланыс және ақпарат министрлігі, Ақмола облысының әкімдігі, «Қазақ газеттері» ЖШС және «Жас Отан» жастар қанаты «Заңғар» жастар шығармашылық бірлестігі бірлесе отырып, «Ана тілі» аруы» және «Ана тілі» сұлтаны» республикалық байқауын өткізді.

                                                                            Жамбыл

                                                                               Әйгерім

Байқаудың іріктеу кезеңі Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде өткізіліп, ақтық мәре «Достар» мәдениет сарайында ұйымдастырылды.Бұл байқауларды өткізудегі мақсат – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, жас ұрпаққа ұлттық тіліміз бен мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді кеңірек насихаттау. Ұлт­тық құндылықтарға деген жастар бо­йын­дағы сүйіспеншілік пен құрмет сезімін арттыру.
«Ана тілі» аруы» және «Ана тілі» сұл­таны» республикалық байқауы биыл же­тінші жыл ұйымдастырылып отыр. «Ана тілі» аруы» байқауына республиканың жоғары оқу орындарынан 31 студент қыз және «Ана тілі» сұлтаны» байқауына 36 студент жігіт қатысты.
Байқаудың бірінші кезеңінің нәтижесі бойынша тоғыз ару мен тоғыз сұлтан іріктеліп, финалға шықты.
Сонымен, «Ана тілі» аруы» бай­қауының нәтижесі бойынша:
Бас жүлде – Әйгерім Әшірәлі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни­верситетінің студенті (Алматы қаласы).
1-орын – Талшын Сейітханова, М.Ты­нышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясының студенті (Алматы қаласы).
2-орын – Салтанат Тұрғанбекова, Т.Рыс­құлов атындағы Қазақ экономикалық уни­верситетінің студенті (Алматы қаласы).
3-орын – Жадыра Мергенбаева, Тараз инновациялық гуманитарлық  универси­тетінің студенті (Тараз қаласы).
3-орын – Эльмира Таудаева, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті (Орал қаласы).
«Ана тілі» сұлтаны» байқауының нәтижесі бойынша:
Бас жүлде – Жамбыл Тілепов, Тараз ин­новациялық гуманитарлық универ­си­тетінің студенті (Тараз қаласы).
1-орын – Қайрат Бұрханбаев, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни­вер­ситетінің студенті (Алматы қаласы).
2-орын – Бекзат Смағұлов, С.Торай­ғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенті (Павлодар қа­ласы).
3-орын – Бауыржан Антонов, Қазақ қатынас жолдары университетінің студенті (Алматы қаласы).
3-орын – Көздібай Мұхаммед-Расул, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті (Алматы қаласы).
Байқауға қатысқан өзге үміткерлер ҚР Білім және ғылым министрлігі және ұйымдастырушылар атынан алғыс­хат­тармен марапатталды. Аталған шара алдағы уақытта еліміздің өзге де өңірле­рінде жалғасын таппақ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста