Шымкентте Rixos Khadisha бес жұлдызды қонақүйінің ашылу салтанатында Нұрсұлтан Назарбаев өзінің сүйікті әнін орындаған әртістің мүлт кеткенін байқап қалды, — деп хабарлайды nur.kz.
Дәстүрлі өнер өкілі, әнші Досхан Одаман президенттің алдында қазақтың атақты серісі Иманжүсіптің әнін орындаған болатын.
«Неше қатын тапса да балалары, бәрібір бола алмайды Иманжүсіп» деп келетін өлең шумағын дәстүрлі әнші елбасы орындаған нұсқамен айтты.
Әнді ұйып тыңдаған Назарбаев өнерпаз жігіттің мүлт кеткен жерін өзі түзеп, әннің түпнұсқасы «Бар қатыны Қыпшақтың ұл тапса да, бәрібір бола алмайды Иманжүсіп» деп айтылатынын ескертті.
Көпшіліктің ықыласына бөленген осы әнге түсірілген бейнебаян жақында көрерменге жол тартты. Жаңа туындыда қазақтың кең даласы, сал-серілік өмір, Иманжүсіптің қилы тағдыры бейнеленіп, ұлттық өнердің айшықты көріністері әсем суреттелген.