Студенттер депутат атанды
Алматыдағы Қазақ-Британ техникалық университетінде студенттік парламентке жаңадан сайланған депутаттардың салтанатты ант қабылдау рәсімі өтті. Жаңадан тағайындалған жас депутаттарға сертификаттар мен арнайы дайындалған депутаттық төсбелгілер табыс етілді.
Айта кету керек, ҚБТУ құруды алғаш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған болатын. Елбасымыз Бірлескен Корольдігінің өкілдерімен арнайы кездесіп, 2000 жылы екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Университеттің әріптесі ретінде Англияның премьер-министрі Тони Блэр сайланды. Ал Қазақстан жағынан оны құрушы ел үкіметі болып табылады. Сонымен бірге, бұл оқу ордасына еліміздің Президент Әкімшілігі, ҚР Ғылым және білім министрлігі, ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі, Лондондағы Қазақстан елшілігі, Н.Назарбаевтың Қоры тұрақты көмек көрсетіп тұрады. ҚБТУ студенттердің мүмкіншілігін арттырып, қабілетін дамыту үшін бар жағдайды жасап отыр. Бұл университетте бірнеше жылдан бері тұрақты түрде студенттік қауымдастық қызмет етіп келеді. Оның құрамы қауымдастық президентінен және министрлер кабинетінен тұрады.