Студент жастар серпілісі

Студент жастар серпілісі

Алматыдағы Студенттер сарайында Тұңғыш Президент күніне арналған «Болашақ кілті – білімде» атты мәдени-танымдық сипаттағы мерекелік шара болып өтті.
Қазақ ұлттық аграрлық университеті ұйымдастырған бұл концерттік бағдар­ла­мада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмі­рі мен қызметіне арналған көркемсу­рет­ті және деректі фильмдер ұсынылып, сту­дент жастар мен ұстаздар қауымы­ның, әскери кафедраның, университет жа­нынан құрылған «Гүлбану» ән-би ансамблі мен халық аспаптар оркестрінің және бірқатар Қазақстан эстрада жұл­дыздарының өнері көрермен назарына ұсынылды.
Аталған шараға көрнекті мемлекет жә­не қоғам қайраткерлері мен ардагер ұстаз­дар, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутат­тары, еліміздің Білім және ғылым министр­лігі мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Мерекелік шара бары­сында құттықтау сөз сөйлеген университет ректоры, академик Тілектес Есполов Тә­уел­сіз Қазақстан жастары Тұңғыш Прези­дент­тің көшбасшылық қасиеттерін бой­ла­рына сіңіріп, ұлт патриоты ретінде білімді бо­лып қалыптасуы керек екендігіне ерек­ше тоқталды. Аталған оқу орнының бірінші курс шәкірттерін салтанатты түрде студент­тер қатарына қабылдау рәсімі де Тұңғыш Президент күнін атап өтумен тұспа-тұс кел­гендіктен, концерттік бағдарламаның не­гіз­гі жүгін де өнерлі студент жастар көтеріп алды. Осы күнге орайластырылған шарада Қазақ ұлттық аграрлық университетінің сту­денттер қауымы да Президентіміздің саясаты мен жастарға деген қамқорлығына ризашылығын білдіруде. Елбасымыз үнемі жастарға сенім артады. Бұл тектен тек емес. Өйткені қазіргі жастар – ертеңгі бо­ла­шақтың іргетасы. Кемел келешектің иелері. «Арман! Еңбек! Сенім!» Бұл – бүгін­гі жастардың ұраны. Бүгінгі жастар, Қазақ­стан­ның ертеңі – сапалы білім алуда екен­дігін айқын түсінеді.
Салтанатты кеш қонақтарының қата­рын­да Бибігүл Төлегенова, Ескендір Ха­сан­ғалиев, Шөмішбай Сариев сынды бел­гілі өнер қайраткерлерімен қатар, Медеу Арынбаев, Біржан Ескендірұлы, Жұбаныш Жексенұлы, Өмірқұл Айниязов сияқты эс­трада әншілері де болып, мерекеге ән ша­шу­ларын ала келді. Шараның басталу сә­тін­де Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік Туы сахна төріне шығарылып, Әнұран ой­налды. Осылай ерекше салтанатпен бас­тал­ған кештің соңы да Ескендір, Біржан Ха­санғалиевтердің орындауындағы әйгілі «Атамекен» әнімен, рухани серпіліспен аяқ­талды. Тұңғыш Президент күніне ар­нал­ған мерекелік шарадан түйген ойымыз: бұл күн – Елбасының елге, оның дамуына сіңірген зор еңбегін бағалап, Ұлт көшбас­шысы атанған тұлғаны келешек ұрпақтың да құрметтеп, ардақтап жүруіне сеп бола­тыны сөзсіз. Бұл күн еліміздің мем­лекеттік Тәуелсіздігіне қол жеткізу тарихында және жаңа мемлекеттің даму стратегиясын ай­қын­дауда орасан маңызға ие.
Елбасы «Жастары білімді елдің бола­шағы жарқын болады» дегенді үнемі ай­тып келеді. Осы бір сөзді қағида ретінде ұстанған студент жастар осынау мерекелік шарада Тұңғыш Президент жолын үлгі тұ­та­тындықтарын тағы бір көрсетті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста