ШҚО-да Абайдың 12 ұрпағы ҰОС-қа қатысқандығын растайтын кітап жарық көреді

«Елі ерлерін ұмытпайды!» Осындай атаумен Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында Жеңістің 70 жылдығына арналған кітап жарыққа шығады.

Оған осы өңірден майданға аттанған жерлестердің тағдыры, тылда жанқиярлықпен еңбек еткен алдыңғы буынның ерлігі туралы деректер енгізілмек. Кітапта соғысқа қатысқан Абай ұрпақтары туралы да мәліметтер бар. Ел басына күн туғанда, Жағыпар ақсақал сияқты Абай ауданынан қан майданға 2 мыңға жуық азамат аттаныпты. Олардың тек 462-сі ғана елге оралып, қалғаны қаза тапса, бірталайы хабар-ошарсыз кеткен.

Жағыпар Жүнісжанұлы, майдангер-журналист:

- Мен ең соңғы майдангермін. Сондықтан да солар жөнінде бір кітап шығаруды өзіме аманат сияқты көремін, қазір соған талпынып жатырмыз.

Майдангер-журналист бұған дейін де 4-5 кітаптың авторы атанған. Негізінен өскелең ұрпаққа тәрбие болатын нақыл сөздер мен баталарды жинақтапты. Ал Жеңістің 70 жылдығына арнайы кітап шығару жөніндегі Жағыпар ақсақалдың бастамасын аудан басшылығы қолдай кетіпті. Мұнда Отан үшін отқа түскен жауынгерлер ерлігінен өзге де көптеген тың деректер енгізілмекші.

Әсет Мырзақасымов, кітаптың жауапты редакторы:

- Ұлы Отан соғысы жылдары 330 адам еңбек армиясына шақырылған екен. Олардың бірқатары Донда, Кузбаста, Кемеровода шахта қазуға шақырылыпты. Бірталай материалдарды сол кісілерден жинақтадық. Бір қызығы, Абайдың ұрпақтарынан 12 адам соғысқа қатысыпты, соның үшеуі ғана тірі келіп, 9 адам шейіт болып кеткен екен.

Тұрсынғазы Мүсәпірбеков, Абай ауданының әкімі:

- 60 жылдыққа шағын кітап шыққан болатын. Бірақ көп адамдар қалыс қалған. Онда соғысқа қатысқан адамдардың 100-ге жуығы қамтылған болатын. Барлығы маңдай терін төгіп, 1 жылдан аса қызмет етті. Аманшылық болса, 1 мамырға дейін бұл кітап жарық көруі тиісті деп ойлаймыз.

Абайлықтар жерлес төрт Кеңес одағының батырымен мақтанады. Олардың ішінде Әлия мен Мәншүктің жолын басқан Баян Байғожина сияқты мерген қыз да бар. Жинақта олар туралы да кеңінен айтылады.

baq.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста