Сөйлеу стилінің сардары

Сөйлеу стилінің сардары

Әркім әр қырынан үңілер, өз басым оның шешендік тапқырлығын қадір тұтам. Ол кісінің жаратылысында теңдессіз спорт комментаторы жатқандай сезінетінімді де несіне жасырайын?! Өзін зор талғамды кітапқұмар санайтын әркіммен-ақ ол оп-оңай иық тірестіре аларына сенімім кәміл.
Бар тірлігінің өзегі – журналистика. Санаулы күндерден кейін ғұмырының жарты ғасырын бүтіндейтін Талғат Батырхан – бүгінде «Астана ақшамы» газеті бас редакторының бірінші орынбасары.
Егер қапталында жүре қалсаңыз, сіз жалпақ жұрттың аузынан шыға қоймайтын мақал-мәтелдің Талғат ағадан күн сайын тоқсанын естір едіңіз. Көкірегіңді шуақ­тандыратын хикаялары, эмоцияға толы баяндаулары, жас журналистерге ұсынар қас идеялары сені автоматты түрде құй­ма­құлақ тыңдарманға немесе бейкүнә шәкірт­ке айналдырып жібереді.
Жақсы сөзге үйірсек жанымыз кейбір сәулелі сөйлемдерді санаға түртіп жүретініміз рас. Осынау шап-шағын жаз­баға сол сәтті тіркес-тармақтардың кейбірін сыйдырып көрерміз.
Бірге жұмыс істей бастаған алғашқы айларым еді. Кезекті лездеме үстінде, әй жоқ, шәй жоқ: «Асығыста туған баланың атын Абыр-сабыр қояды», — деп бір тартты. Дені дұрыс құлақ бұғып қала алмайтын сөз. Сөйтсек, «замредакторымыз» уақытынан кешігіп тапсырылған, шамасы ойдағыдай жариялана қоймаған материалға күйінген екен. Оның, жалпы, «жақсы мақала көшпелі алтын секілді» екенін айтатыны есімде.
Қалалық газет қала тіршілігін көрсетпеуі мүмкін емес. Кезекті көктем. Көшеде ағаш-талдарды ретке келтіріп жүрген мамандарды көзіміз шалып, олардың жұмыс жайына қызығушылық таныттық. Сонда ағайымыздың тапсырма орындауға бара жатқан тілшіге айтқаны кәдімгідей күлкі шақырады: «Байқаңдар, ойнап жүрген біреулер болып шықпасын!»
Бұрынғы редакциямыз екі қабатты-тұғын. Тілшілерден басқаның бәрі – жоға­рыда. Бірде кейіпкеріміздің қатқылдау шық­қан даусы естілді: «Қараңдаршы, тө­мен­де тісті бақадан ешкім жоқ па екен?» «Тісті бақалар» бар едік, жүрміз алдында.
«Бақа» демекші, «Бақа сисе – көлге сеп» – ағайымыздың ауызекіде жиі қол­данатын мәтелін хатқа түсіргенімді ешкім сөкет көрмес деген ойдамын.
Садықұлы қоғамда орын алып жататын оң-теріс оқиғаларға ұдайы сергек қарап жүреді. «Әкесінің шәпкісін киіп, ойнап жүрген бала сияқты», – деді бір күні. «Киейін десе, кең. Оның үстіне, мойын да қылдырықтай, көтере алмайды», – деп қосып қойды. «Барып кел-шауып келден» аса алмай жүріп, өзгеге келгенде, төреси қалатын айдаболдар жөнінде пікір түйіп тұрғаны екен. Ол қарапайым тіршілік түйткілдерін тың теңеулермен, мөлшерлі метафоралармен түсіндіргенде, қолдан қола құйғандай ұғындырады. «Мынау заман кейде «Ешкіні – «апа», текені «жезде» дегізер», – деп қояды.
Ағамыз орыс тілін де бір адамдай білетін сыңайлы. Кей тұтқиылды тұстарда тамырдың татымды мақалдарын «стрелять етіп» жіберетіні бар. Мәселен, былай: «Мужика из деревни вытащить можно. Деревню из мужика нельзя вытащить».
Жалпы, жазу стилі атаулының жай-күйі жанр бойынша әдеби сында қамтылады. Ал біз сөйлеу стилінің қас шебері жөнінде қысқаша ой қайырғымыз келді. Сол үшін де сөзіміздің соңын Талғат ағамыздан әр уақытта жаттап қалған ұтымды мақал­дар­мен тұздықтап, өзін мерейтойымен құт­тықтап қоймақпыз:
• Мезгілсіз шақырған тауықтың басын жұлады.
• Сусыз жерде қуырып же, сулы жерде асып же.
• Көк қарға көтіне қарамай, әулие ағаштың басына қонады.
• «Кемпір» араласқан ертегі оңбайды.
• Жоғалған пышақтың сабы алтын.
• Жыланның басын алтын табаққа салса, шошып кетеді.
• Ит жоқта шошқа үреді қораға,
Би жоқта құл жүреді жораға.
• Ішіне сыйған бала сыртына да сыяды.
• Торғай жаңбыр жауғанда балапанын,
Бұршақ жауғанда өз басын қорғайды.
• Ақсақ иттің көңілі – ар жақта.
• Мыңдаған адам қайтыс болса – статистика,
Санаулы адам қайтыс болса – трагедия.
• Жалмауызға да жан керек.
• Біреудің атына мінгессең,
«Жамбасым қажалды» деп шағым­данба.
• Жақсы жерде ұйықтасаң, жақсы түс көресің.
• Қисық аяққа қызыл кебістің керегі жоқ.
• Көршің қорқақ болса,
Үркітіп өлтірер.
• Таспен ұрсаң да, жапалақпен ұрсаң да – жапалақ өледі.

Р.S.
Айтпақшы, «сөйлеу стилінің сардары» дегенімізге қарап, кейіпкеріміз жазу стиліне олақ екен деп ойлап қалмаңыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста