Соғыстан жеңіске дейін

9 Мамыр – Жеңіс күні жақындаған сайын еліміздің барлық аумағында көптеген арнайы игі іс-шаралар атқарылуда. Ардагер қауымның қан майдандағы ерліктерін бүгінгі ұрпаққа паш етіп, солардың бойын­дағы отансүйгіштік қасиеттерді жас­тарға сіңіру мақсатында Алматыдағы республикалық Кітап мұражайында Ұлы Жеңістің 64 жылдығына арнал­ған үлкен кітап көрмесі ашылды.
Көрменің ашылу салтанатында бас қосқан майдангер қаламгерлер мен оқыр­мандар алдында сөз сөйлеген Ұлы Отан соғысының ардагері, жазушы Сейдәлім Тәнекеев пен Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл Ұлы Отан соғысы және Ауған соғысы туралы өз естеліктерін айтты. Қаламгерлер сондай-ақ кітап мұра­жайына өз кітаптарын сыйға тартты.
Жеңіс күніне орайластырылған арнайы көрме төрт бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім Ұлы Отан соғысына, екінші бөлім Қиыр Шығыстағы Дамаск аралы оқиғасының 40 жылдығына, үшінші бөлім Ауған соғысына арналған. Төртінші бөлімге «Ерлік жалғаса береді» деген айдар тағылып, онда да соғыс тақырыбына қатысты кітаптар мен құнды материалдар қойылған.
Аталған кітап көрмесінде майдангер қаламгерлер – Қасым Қайсенов, Әзілхан Нұр­­шайықовтардың кітаптарымен қоса жас жазушылардың соғыс туралы жаз­ған шы­ғармаларына да кеңінен орын беріл­ген.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста