София Ротару Шымкентке неге келмей қалды?

София Ротару Шымкентке неге келмей қалды?

«Айқайлай, айқайлай қасқырдан да ұят болды» депті ілгеріде бір бейбақ. Сол айтқандай, бір айдан бері «Шымкентке София Ротару келеді» деген жарнамалар орталық көшелерге ілініп, бұқаралық ақпарат құралдары ерінбей-жалықпай, армансыз хабарлама жасады. Артынша жасырынбақ ойнаған жас балалар сияқты «ол бұл жолы емес, келесі аптаға қалды» дейді. Концертпен бірге сол күні «ауылды ауыз суға қарық қылатын» лотереялық билеттің де ұтыс ойыны өтетіні өте қатты насихатталды.
Ұтысқа тігілген жүлделер бақыттан басыңызды айналдырып, құлап түсу­іңіз мүмкін. Атап айтсақ, Астана қала­сынан екі бөлмелі пәтер, «Тойота Лэнд Крузер», «Тойота Камри», «Тойота Королла», «Мерседес», тағысын тағылар. Стадиондағы сахнаға жақындау орна­ластырған арнайы орындар болса билет құны 10 000 теңгені құрайтынын құлағымыз шалды. Концерттің құны 4000 теңге. Бұған бар-жоғы бір мың теңге қоссаңыз, әрі арманыңыздағы концертті тамашалайсыз, әрі бақыттан басыңызды айналдыратын лотерея ойынына қатыса аласыз. Даңқты әншінің алдымен мамыр айының соңғы күндерінде шым­кенттіктермен жүздесетіні айтылып, уақыт жақындағанда маусымның 4-жұлдызына сырғытылғаны жұрттың ойын сан-саққа жүгіртті. Сондағысы небәрі 44 билеттен басқасы сатылмаған. Мұнша көрермен үшін сырбаз София ханым нөкерлерімен сонау Киевтен ұшып келердей жын ұрып па? Қысқасы, ұяттың ең үлкені сол, күміс көмей әншінің Шымкентке мүлде келмейтіні белгілі болып, жасалған жарнама босқа дақпырт пен даурығудан әріге асқан жоқ. Неге?
Бірінші кезекте осынау өзгеше іс-ша­рамен жаңалық ашқылары келген «Жі­бек» ЖШС-нің өкілі Маржан Сыз­дықоваға көпшіліктің көкейіндегі сау­ал­дарды көлде­нең тарттық.
– Лотереяны ойнатудағы негізгі мақ­сат­тарыңыз не болды?
– Лотерея ойнатуға деген барлық құжаттарымыз заңды, лицензиямыз бар. Ойыннан түскен қаржының 13 пайызы көлемінде Оңтүстік Қазақстан облысының ауыз суға тапшы ауылына әкімдіктің ұсынысымен су кіргізіп беру ойымызда болған. Қайырымдылық шарасы ретінде. Қалай қаржыландырудың құнын да шығарып қойғанбыз.
– Лотерея ойнату барысында үлкен концерт ұйымдастырылып, София Ротару келеді делініп еді. Концерт неге өтпей қалды?
– Билеттердің сатылмай қалуына ауа райының қолайсыздығы көп себеп болды. Күн сайын жауын жауып кетті. Бұл туралы олар да хабардар болып отырыпты. Билеттің қалай өтіп жатқанын бізден олар күнделікті сұрап отырды. Концерттің басталуына 2-3 күн уақыт қалғанда 44 билет қана сатылғанын жасырмай айттық. «Біздің тәжірибемізде мұндай жағдай кездеспеген» дейді олар. Ал біз көрермен жинай алмайтынымызды сездік. Өйткені стадионда ішке еніп кетуге болатын отыз түрлі тесік бар екен. Оны бітеу үшін стадионды қайта соғып шығу керек. Жабық түрдегі ғимаратта өткізуге де ұсыныс түсті. Алайда онда орын аз, концерт өткізген жағдайда Ротаруға беретін гонорардың 10 пайызын да шығара алмайтын едік. Амал жоқ, тоқтаттық.
– Алдын-ала жарнамада қазақстан­дық әншілер де өнер көрсетеді деп еді, олар келе ме?
– Келмейді, концертті толығымен кейінге қалдырдық. София Ротаруды бұл жақтағылар көп түсіне бермейтінге ұқ­сайды. Шымкенттіктерге бәлкім жер­гілікті эстрада жұлдыздары ұнайтын болар, бірақ Ротаруға аса көңіл бөлмеді. Мәселен, «МузАРТ-қа» билет 8 мың теңге болса да өтеді, ал Ротарудың 4 мың теңгелік билеті өтпеді. Демек, Шымкентке Ротару керек емес деген сөз.
Концертті Шымкентте ұйымдастыра­мыз деп көптеген шығындарға тап болдық. Мысалы 500 мың теңге стадионға, 8 000 доллар музыкалық аппаратуралдарды жалдауға, сахнаға, алдын-ала жарнамалау жұмыстарына кемінде 3 миллион теңге жұмсалды, Украинадан Ташкентке дейінгі ұшып келу жол шығындары 1 миллион 300 мың теңге... Бұл негізгілері ғана.
– Қазірдің өзінде бұл көріністі халықты алдаушылардың іс-әрекеті деп айыптаушылар табылуда. Сіз не дер едіңіз?
– Әрине, оған таңғалмаймын. Бірақ бұл дәлелсіз айыптау. Халық өзі жиналады, лотерея ойынының таза өтетінін көреді. Концерт билетін сатып алғандардың ақшасын қайтарып береміз...
Осы концерттің ұйымдастырылғалы жатқанын Ротарудың өзі, продюсерлері білді ме екен? Мүмкін, өзді-өзімізбен болжам жасап, алыстағы сағымды айналып жүрген болармыз? Бұл кез-келгеннің санасын сығалайтын сауал болғандықтан, мұны да ескеріп, София Ротарудың Киевтегі өкілдерімен байланыстық.
Міне, Ротарудың өтпеген концертіне қатысты оқиғаның қысқаша барысы осы. Тойдың болғанынан боладысы қызық деген осы да. Көкейде тұнған сауал көп.

Игорь Курилев, Ротарудың ресми өкілі (Киев):
– Иә, Ротару Шымкентте концерт өткізу керек болатын. Нақты себебін білмедім, мүмкін Ротарудың Шымкент стадионында өнер көрсететініне жер­гілікті тұрғындар сеніңкіремеді ме, әлде басқа себебі бар ма, әйтеуір билет сатылмапты. Бар болғаны 50 шақты ғана билет өткенін естідік. Ондай жағдайда қалай барамыз? Қолымызда, тіпті, билет те дайын еді. Бізге бір байсалды азаматша келді. Аты – Алтынай. Мен онымен екі күн бойына әңгімелестім. Ұсыныстары көңілге қонымды. Бірақ іске аспады. Бізді Шымкентке баратын жол билетімен ғана қамтамасыз етті. Басқа ешқандай да алдын-ала төлемақы берілген жоқ. Қазір тек сенімді әрекеттерге ғана бару керек. Мүмкін Алтынай тәртіпті қыз шығар, оны білмедім, бірақ жас қыз өзі шыға алмайтын белеске ұмтылды деп ойлаймын. Мен одан «бұрын мұндай концерт ұйымдастырып көріп пе едіңіздер» дегенімде «жоқ» деп жауап берді. Соңынан ата-аналары да хабарласып, осылай болғанына қын­жылып, қайта-қайта кешірім сұрады.
– Осындай оқиғадан кейін Ротару­дың беделіне нұқсан келмеді деп ойлайсыз ба?
– Егер де «концерт София Ротарудың кінәсінен өтпей қалды» деген ақпарат тарайтын болса, үлкен қолайсыздыққа тап болатындықтарын қатаң ескерттім. Тағы да айтамын, бұл концерттің өтпей қалуында София Ротарудың ешқандай кінәсі жоқ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста