Сіз кімсіз, Ка мырза?

Сіз кімсіз, Ка мырза?

«Кеше «Цезарь» кинотеатрында «Қазақфильм» мен «Изарусфильм» бірігіп түсірген жаңа қазақ киносының арнайы көрсетілімі болды. Басты рөлде Қазақстанның Халық әртісі Асанәлі Әшімов ойнайтын бұл фильм – есірткі әлемін құрықтау жайлы боевик жанрындағы тұңғыш қазақ туындысы. Режиссері – Қуат Ахметов, сценарийін жазған – Ермек Тұрсынов, ал музыкалық көркемдеуші – осыған дейін бірнеше қазақ киноларына әуен жазған атақты сазгер Қуат Шілдебаев.

«Сіз кімсіз, Ка мырза?» фильмін тақырыптық жағынан және басты рөлді сомдаушы Асанәлі Әшімов болғандықтан кеңестік кезеңнің сәтті туындылары – «Атаманның ақыры» мен «Транссібір экспресінің» жалғасы деуге болады.

Тай елінде түрмеде жатқан кәрі тарлан Ка мырзаның бойынан сол баяғы қазақтың Қасымхан Шадияровын табу қиын емес. Әжім түскен бет-жүзі мен ақ қырау шалған шашты уақыттың табы деп түсінсек, отты жанардың «әлі де талайға жараймын» дегенін оқу қиынға соқпайды.

Елге оралар жолдағы Ка мырза мен Игорьдің бастан кешкендері баяндалатын шытырман оқиғалы фильм 19 наурыз күні Астана қаласында, ал 21 маусым күні Алматыда «Алатау» кинотеатрында көпшілікке көрсетілмек. Фильм жайлы толық жазылған мақаланы газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста