Шив Астанаға анасымен бірге келмек

Шив Астанаға анасымен бірге келмек

«Келін» үнді телехикаясының жұлдызы «Қазақстан» телеарнасында бірнеше ток-шауға қатысады.
«Қазақстан» телеарнасында жүріп жатқан «Келін» үнді телехикаясында Анандидің күйеуі Шивтің рөліндегі актер Сидхарт Шукхла 27 ақпан — 2 наурыз аралығында Астана және Алматы қалаларына келеді. Сидхарт Астанаға анасымен келмекші. Анасы Ритой Шухла актердің агенті ретінде келмек.
28 ақпан, сенбі күні, сағат 15.00-де «Хан шатыр» сауда-ойын сауықтыру орталығында актер көрермендермен кездеседі. Дәл осы күні «Жұлдызбен кешкі ас» жоспарланып отыр: «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының веб-порталында жарияланған викторина жеңімпаздары Астана қаласының мейрамханалырының бірінде Сидхарт Шукхламен және танымал отандық «Қара шаңырақ» телехикаясында басты рөлдердің бірін сомдаған актермен кешкі ас ішу мүмкіндігіне ие болады.
2 наурыз, дүйсенбі күні, «Қазмедиа Орталығының» 11-қабатында сағат 12.00-де Сидхарт Шукхла және отандық танымал «Қара шаңырақ» телехикаясының басты рөлдерінің бірін сомдаған Азамат Сатыбалдымен БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз-конференциясы өтеді.
2 наурыз күні сағат 15.00-де Сидхарт Шукхла «Қазақстан» ұлттық арнасында тікелей эфирдегі «Әйел бақыты» бағдарламасына қонаққа келеді. Осы күні телекөрермендер танымал жұлдызды «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» ток-шоуынан көре алады.
2012 жылдан бері Қазақстанда үндінің телевизиялық көрсетілімінің «Келін» сериалы үздік болып келеді. Әдемі кейіпкерлер, жақсы дубляж, әдемі қойылым рейтинг көрсеткіштерінің өсуіне оң ықпал жасады.
«Келін» Үндістандағы танымал телехикаялардың бірі. Кинода әлеуметтік дәстүрлер тақырыбы қозғалады. Телехикая туған ел мен қара шаңырақты сүйіп, ата дәстүрді құрметтеуге шақырады. Бұл тұрғыдан алғанда, «Келін» телехикаясы «Қазақстан» телеарнасында эфирге шығатын отбасы мен отбаслылық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған отандық «Қара шаңырақ» телехикаясымен сәтті үндесіп жатыр.
Сидхарт Шукхла Мумбайда дүниеге келген. 34 жаста. 2008 жылдан бері актер шеберлігін шыңдап келеді. Бұдан бұрын сән бизнесінде қызмет атқарған. Сыртқы келбеті, бойы (188 см.) да бұл қызметке сай келеді. «Жұлдыздармен би билеу» шоуына қатысқан. Үстел теннисімен және футболмен шұғылданады. 2013 жылы Үндінің Телевизия Академиясы Сидхартқа «Жыл әртісі» атағын берген болатын. Сол жылы жыл сайынғы «Zee Gold Awards» ТВ сыйлығының нұсқасы бойынша ол ең «денелі» актер атанды. Үндінің «Stardust» кино туралы журналы 2014 жылы оны киноиндустрияд ағы «Үміт күтетін жас актерлердің бірі» деп бағалаған болатын. Ал Үндінің жыл сайынғы «Filmfare Awards» киносыйлығы үнді тілінде түсірілген фильмдердегі жетістіктері үшін Сидхартты «Ерлер дебюті-2015» сыйлығына ұсынды. Қазіргі уақытта Сидхарт үндінің белгілі продюсері Каран Джохармен үш фильмге түсу үшін шартқа қол қойды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста