Шешендік сөздер

Шешендік сөздер

Құрметті «Алаш айнасы» сайтының оқырманы! Біздің сайт бұдан былай «Шешендік сөздер» айдары арқылы қазақтың бояуы қанық, бейнелі шебер тілмен айтылған шешендік сөздерінен үзінділер беріп отыратын болады. Шешендік сөздер мазмұны мен құрылысы жағынан мақал-мәтел, аңыз әңгімелер, толғаулар мен айтыстарға жақын келеді.

Майкөт САНДЫБАЙҰЛЫ (1824, қазіргі Сарысу ауданында Шабақты өзенінің бойы, Бестоғай алабы – 1902,Сарыарқа) – ақын.
Өткен ғасырдағы Қаратау маңынан шыққан ірі ақындардың бірі-Майкөт. Майкөттің ақындық даңқы, әсіресе, Сыр бойы мен Жетісу өңіріне кең тараған. Жамбыл Майкөтті өзіне ұстаз тұтқан. Оның Құлыншақ, Майлықожа, Бақтыбай, Түбек, Жамбыл, Құлмамбет, тағы басқа ақындармен айтыстары айтыс өнерінің озық үлгілеріне жатады. Майкөт шығармаларының халыққа үзіп-жұлып жеткені немесе кейбір айтыстарының академияның қолжазбалар қорында сары майдай сақтаулы жатқаны болмаса, толық жиналып, рухани игілігімізге аспай жатыр.
Майкөт қатарлы ақындардың қолда бар дүниелерін ықтияттап, ел ішін әлі де сүзе түсіп, толықтырып, кітап етіп шығаруымыз керек. Майкөттей әйгілі ақынның зерттеушілер назарына көп ілікпей, қағыс қала беруінің бір себебі – тағы да жетпіс жыл бойы жүрелетіп келген солақай саясаттың салдары. Тарихымыздағы ел басқарған белгілі тұлғаларды жырлаған ақындардың бәрі байларды, билерді мадақтаған делініп, ағаш атқа мінгізгені мәлім. Оған көп дәлелдің бірі – Майкөт ақынның Сарыбайдың асында елдің игі жақсыларына қаратып айтқан өлеңі.
Осы асқа Әулиеатадан отыз кісімен Майкөт ақын келеді:
Болғанда жерде сұңқар, көкте сұңқар,
Өлмейтін бұл дүниеде қандай жан бар.
Екейдің мұқалмаған қылыш тілі,
Армысың, ер Сүйінбай – аға сұңқар.
Ел жаңа елу жылда, жүз жыл – қазан,
Қандырар құлақ құрышын – ертеңгі азан.
Өлді деп, Сарыекемді естіген соң,
Барсам деп, күндіз-түні кетті мазам, — деп Майкөт Сүйінбай бастаған салтанатты топқа өлеңмен амандасқан», — деп жазады.
Майкөт келгенде Жамбыл ас қамында жүреді де қарсы алуға қатыса алмай қалады. Майкөт Жамбылды арнайы шақыртып алып, екеуі өлеңмен дидарласады:
Жамбыл:
Үлкенсаздың басында,
Кішісаздың қасында,
Сарыекемнің асында,
Қамбардың қара қасқа атындай,
Мен саламын желіске.
Құйрығымды түйген соң,
Қанатымды сүзген соң,
Жел аударған қаңбақтай,
Келді сөйлер кезіме.
Үлкен аға, кішіні,
Сөйлеп бір енді берейін.
Қас жүйрікті айтамын,
Шапқан сайын үдеген.
Қас сұңқарды айтамын,
Алыстан тоят тілеген.
Майкөт:
Сапар тартып келіп ем,
Сарыбайдың асына.
Отыз кісі елімнен,
Еріп еді қасыма.
Шырқайын деп шығып ем,
Майтөбенің басына.
Жаңғырықсың дауысым,
Алатаудың тасына.
Естуші едім дабысын,
Жамбыл бар деп осында.
Ақын болса келмейді,
Неге менің қасыма?
Неге сәлем бермейді,
Мендей кәрі досына?
Жамбыл:
Сәлем уағалейкум, Майкөт аға!
Есітіп дауысыңды келдім жаңа.
Алдынан үлкендердің өтейін деп,
Аялдап әдеп еттім біразғана.
Сіз бе еді – ақын аға Майкөт деген,
Бір сөзі бір сөзінен қайта өтпеген.
Саңқылдап сарайыңнан өлең шықса,
Именіп өзге ақындар бәйпектеген.
Келіпсіз біздің елге әдейі іздеп,
Мейманды құрметтейтін кәдеміз ед.
Сүйреңдеп алдыңызға көп сөйлемей,
Етейін деп ойладым әдеп-ізет.
Сөйлеген аға тұрып ініден без,
Ежелден елде сондай бар еді сөз.
Алалау ағайынды бір бұл емес,
Әлі де сізбен талай болармыз кез.
Әдемі әдеппен басталған дидарласу ары қарай Майкөттің Жамбылға бата беруімен жалғасып:
Саудагерден бөз қалар,
Ақындардан сөз қалар, — деген аталы сөзбен аяқталады.
Ақын Қаратау өңірінде туып-өсіп, оқып, білім алған (қазіргі Сарысу ауданы Шабақты өзенінің бойы, Бестоғай алабы). Сыр бойына, Жетісуға, Сарыарқаға аты шыққан. Сарысу ауданында тұратын туысы Д.Мұсаевтың дерегіне қарағанда, Арқада қайтыс болған Майкөттің сүйегін өзінің аманатына сәйкес туған халқы сол Сарыарқа даласына қойған. Кейін сүйегі Әулие-Атаға үлкен құрметпен жеткізіліп, Сеңкібай қорғанына жерленген. Майкөт Құлыншақ, Молда мұса, Майлықожа, Сүйінбай, Бақтыбай, Түбек, Мәделі қожа, Бөлтірік, Құлмамбет, Қазанғап т.б. ақындарымен айтысқа түскен. Оның жан-жақты білімділігіне, «көмейінен құс ұшырған алып ақындығын» Құлманбет: «... Ел жайын молда Майкөт білген екен», – деп жырға қосқан.
Жүз жасаған бәйтерек – Жамбыл:
«Қаздай қалқып ерінбей,
Өлең тердім жасымнан
Майкөт ақын, Құлмамбет,
Орын берді қасынан»,
– деп Майкөтті үлгі тұтқан. Әулиеатаға арнайы іздеп барып, Майкөттен «Көрұғлы» дастанын үйренген.
Майкөт қазақ қаһармандарын, солардың ішінде Өтеген батырды да жырға қосқан. Майкөттің қасына еріп жүрген жыршы Сұлтанбек Айқожаевтың (1876-1965 жж.) орындауындағы «Алпамыс батыр» жыры Майкөт жырлаған ең көлемді нұсқасынан жазып алынған.
Майкөттің «Сарыжан болысқа айтқан жыры», «Сарыбай асында айтқан құттықтау толғауы», Құлмамбет, Қазанқап, Бөлтірікпен айтысы және тағы бірер туындысы сақталған. Алайда, өлеңдері мен жырларының, сондай-ақ айтыстарының көбі ұмытылған яки жиыстырылмаған.
Шығыстанушы-ғалымдар Майкөттің «Қисса Майкөт немесе қазақтардың мың жылдық тарихы туралы мың сөз» деген атпен белгілі болған жырының орыс тіліне аударылған нұсқасын зерттеулеріне арқау еткен (В.В.Радлов, В.В.Бартольд және т.б). Майкөтпен кездескен Ә.Диваев оның қазақтың мың жылдық тарихын өзінше жырлаған алып жыршы екендігін айтқан. Қырғыз ақыны Тоғолоқ Молдо (Байымбет Әбдірахманов, 1860-1942 жж.) «Қазақ ақындары» деген толғауында:
«Тоқпақта үлкен жиында,
Майкөтті көрдім көзіммен.
Қаршығадай түйілген,
Өзі салдай киінген», – деп жырлаған.
Майкөт Сандыбайұлының өмірі мен шығармашылығына С.Сейфуллин, М. Әуезов, С. Мұқанов секілді қазақтың біртуар азаматтары назар аударып, зерттеулер жүргізген. Қ. Жармағамбетов, Е. Ысмайылов, М. Жолдасбеков, Ә. Доспанбетов, т.б. зерттеген.
Дегенмен, Майкөттің ақындық-жыршылық табиғатын терең тану, туындыларын іздестіріп-жинастыру, шығармашылық толық өмірбаянын құрастыру – әлі де кезегін тосып тұрған іс.

МАЙҚЫ БИ (12—13 ғғ.) – атақты би, суырып салма ақын.
Cырым ДАТҰЛЫ. Сырымдай батырды дүниеге келтірген қасиетті
Ақтайлақ Байғараұлы (Ақтайлақ би) 1720-1816 жылдары аралығында ғұмыр сүрген
ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВТЫ М.Әуезов «ақындардың ақыны айдын көлдей ақылы»
Жанкелдіқызы Ұлбике (1825–1849 жж.) – қазақтың әйгілі ақын қызы
“Үкілі Ыбырай” атануының себебі 
Сүгірдің бүкіл елге әйгіленген жиын 1921 жылы
Сүгір Жырау 1894 жылы Маңғыстауда Өгіз-Өреуіл деген жерде дүниеге келген.
АҚЫН САРА. Сарамен айтысқан атақты Біржанның ағайындары
Ұлбике есімі елімізге таңсық болуы да ғажап емес 
Қазақта Құлыншақ деген ақын өткен 
Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835-1898) - қазақтың халық ақыны
ДОСБОЛ БИ. Досбол Қорлыбайұлы бір деректе 
Еңсегей бойлы Ер Есім!
Алдар би 
Құнанбай қажы Өскенбайұлы
Жиренше шешен (туылған-өлген жылы белгісіз)
Махамбет Өтемісүлы 1804 жылы осы күнгі Орал облысының Орда ауданында
Қожаберген жырау шығармашылығындағы «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама»
Сыпыра жырау – қазақ пен ноғай
Базар жырау (1841-1911). 
Сартай Көшкіншіұлы жырау.
Қожаберген батыр - жырау орта жүздiң Керей руынан тарайды.
Ескелді би (шамамен 1692 —1770 жж.) Әмбе жалайыр әулие атанған
Балуан Шолақ (шын аты — Нұрмағамбет)
Сүйінбайдың қырғыздың атақты айтыскер-ақыны
Балпық би (1694 —1784 жж.)
Келдібекұлы Қазыбек би - қазақтың Тәуке
Шал ақын, Тілеуке Құлекеұлы
Бұқар жырау - суырыпсалма ақын, жырау
Жәлменде Байшығашұлы (1846-1901) - би, шешен.
Шешендік сөздер жинағының сілтемесіне басыңы
Азарсың, жұртым, азарсың
БАҚЫТ ҚАЙДАН КЕЛЕСІҢ
Сыпыра жырау
Бөгенбай қазасын Абылай ханға естірту

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста