Шешендік сөздер
Құрметті «Алаш айнасы» сайтының оқырманы! Біздің сайт бұдан былай «Шешендік сөздер» айдары арқылы қазақтың бояуы қанық, бейнелі шебер тілмен айтылған шешендік сөздерінен үзінділер беріп отыратын болады. Шешендік сөздер мазмұны мен құрылысы жағынан мақал-мәтел, аңыз әңгімелер, толғаулар мен айтыстарға жақын келеді.
12 жасар Қасеннің Еженханға айтқаны...
Асанқайғының шын аты Қасен екен. Ол он екі жасар бала күнінде шүршіттің ханы Еженхан қазақтарға:
«Айғырын кісінетпесін!» деп жарлық қылыпты.
– Егер, далада жүріп қазақтың айғыры кісінесе, менің қорадағы биелерім құлын тастайды. Айғыры кісінегеннің басы айдауда, малы талауда болады, – депті.
Жұрт мұны естіп, уайымға түсіп, күйзеліпті. Он екі жасар Қасен халыққа:
– Бұл үшін уайым жемеңдер. Қырық желмая тауып беріңдер. Ежен ханға барып, бұл жарлығын қойдырайын, сөйтіп кеңшілік алып келейін, – депті.
Ел болып жиылып баланың айтқанын дайындап беріпті. Бала қырық мергенді ертіп, желмая мініп, Шүршіттің ханына жөнеліпті. Шаһардың шетіне кіргеннен-ақ «әу» деп үрген итті ата беріпті. Иттің иелері:
– Бұның қалай, жазықсыз итімізді неге атып қырып келесіңдер? – десе, «Біз Елібайдан келе жатқан елші, не арыздарың болса, хандарыңа барып айтыңдар. Жауабын ханың арқылы беремін», – деп жүре беріпті. Ханы:
– Олар келсін, себебін сұрап біліп көрерміз, – деп, Қасенді кісі жіберіп, шақырыпты. Олар келіп ханға жолыққан соң, хан:
– Елші болғандарың қалай? Келе елімізді бөрліктіріп ойран салғандарың қалай? – дейді. Сонда бала Қасен:
– Тақсыр! Оның мәнісі бар. Кішкене күнімде әкем маған қой бақтырды. Далада жүргенімде қасқырлар келіп қамады. Сонда мен көмекке ойдың да итін шақырдым, қырдың да итін шақырдым, шәһәрдің де итін шақырдым. Бір ит келіп ара түспеді. Сонда ант ішіп едім: ойдың да итін атармын, қырдың да итін атармын, шәһәрдің де итін атармын, – деп. Сол сертіме жетейін деп ит біткенді қиратып атып келе жатқан жәйім бар! – депті.
Сонда хан:
– Тентек шіркін! Қазақтың мидай даласында жүріп сенің айқай салған дауысыңды біздің шаһардың иті қайдан естісін? – дейді. Сонда Қасен айтыпты:
– Айғыр дауысын қорадағы бие естіген жерден, кісі дауысын ит естімеуші ме еді?
– Қап, бала! Мені табандатып ұрдың-ау! Мен ұтылдым, қалағаныңды ал!, – депті хан.
– Хан, олай болса, елімнің билігін өзіме берсең болады! – депті.
– Бар, бердім, қазақ деген жұртқа өзіңді хан сайладым!, – депті Ежен.
Содан былай Қасен «хан» атанып кетіпті.
Шыңғысханның төр мен босағаны сынауы
Сонда Асаубай айтады:
БҰЛ ЗАМАНДА НЕ ҒАРІП?
Ақтайлақ би айтқан сөз
ЖЕТЕСТІҢ КӘРІЛІК ТУРАЛЫ АЙТҚАНЫ
Қаракөз ханым
БЕЙБІТ ЕЛДЕ СӘН БОЛАР
БАЙДАЛЫ МЕН ТӨЛЕ