«Серпер» сыйлығының иелері анықталды

Қазақстан Жастар одағы екі жылда бір берілетін «Серпер» жастар сыйлығының жаңа иегерлерінің тізімін жария етті.
45 жылдан астам тарихы бар бұл сыйлық, негізінен, әдебиет, журна­листи­ка, өнер, ғылым саласын дамытуға елеулі үлес қосып жүрген талантты жастарды қамтиды.
Кезінде «Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы» делінген бұл сыйлық еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін «Серпер» деген жаңаша атауға ие болып, талап-ережелері мен маңыздылығы да айрықша сипат алды.
«Серпер» жастар сыйлығы өзінің шығармашылығы туралы мәлімдеген және елі үшін қызмет етіп жүрген талантты жастарды қолдауға бағытталған сыйлық болып табылады. Сыйлық алғаш рет 1967 жылы Қазақстан Жастар одағының сол кез­дегі бірінші хатшысы Өзбекәлі Жәнібековтің бастамасымен тағайындалған болатын. Содан бергі уақыт ішінде Қазақстан Жастар одағы осы жақсы дәстүрді бұзбай, оны одан әрі дамытып, жалғастырып келеді. Бұл сыйлықты әр кездері Шәмші Қалдая­қов, Олжас Сүлейменов, Ескендір Хасан­ға­лиев, Әсет Бейсеуов, Мұхтар Шаханов, Оралхан Бөкей, Роза Рымбаева, Жания Әубәкірова, Әлібек Дінішев және ел мақта­ны­шына айналған таланттар иелен­ген болатын.
Сонымен, Қазақстан Жастар одағы ұйым­дастырып отырған 2013 жылғы «Сер­пер» жастар сыйлығының лауреаттары атағы келесілерге берілді:
1. Абылай Тілепбергенов
2. Аида Жантілеуова
3. Алмас Шаяхметов
4. Әсел Садуақасова
5. Асылхан Төлепов
6. Аян Өтепберген
7. Әлия Әнуарбек
8. Әсет Иманғалиев
9. Бақытжан Омаров
10. Бану Манкеева
11. Бауыржан Әліқожа
12. Бауыржан Ордин
13. Дана Қоңырова
14. Дархан Бейсенбекұлы
15. Динара Абикеева
16. Динара Мыңжасарқызы
17. Еркебұлан Дайыров
18. Қанағат Әбілқайыр
19. Қанат Әуесбай
20. Құралай Анарбекова
21. Мәншүк Бекбосын
22. Олжас Қасымов


Осы тізімдегі Дархан Бейсенбекұлы – біздің әріптесіміз, «Алаш айнасы» газеті бас редакторының орынбасары.   «Әдебиет» номи­на­циясы бойынша «Серперге» лайық деп танылған талантты жазушы Дархан Бейсен­бек­ұлы – бүгінгі әде­биетте өзіндік қол­таң­басы қа­­­­лып­тасып үлгер­ген, бірқатар әдеби байқауларда жүлделі орын иеленген, шығармалары әдеби орта мен оқырмандар тарапынан лайықты бағасын алған екі прозалық жинақтың авторы. Д.Бейсен­бекұлы – баспасөздегі қызметінде де әдеби туындылар мен рухани дүние­лер­дің тиісті дәрежеде көрініс табуына еңбек етіп жүрген жас қаламгер. Әріптесімізді мерейлі сыйлығымен құттықтай отырып, алдағы күндері сыннан сүрінбей өтіп, лайық­ты деп танылған үміткерлерге салтанатты жағдайда «Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты» атағы бері­ліп, арнайы төсбелгі мен диплом және ақшалай сыйлық тапсырылатындығын айтамыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста