Серілердің соңы еді...

Серілердің соңы еді...

Қазақ әдебиеті тағы бір қадірлі қаламгерінен айырылды. 74 жасында көрнекті ақын, сатирик, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Қажытай Ілиясұлы дүниеден озды.
Соңғы бір-екі жыл көлемінде қазақ руханияты Қадыр Мырзалиев, Рахманқұл Бердібай, Ораз Исмайылов, Жәрдем Кей­кин, Жарылқасын Аманов, Хасен Әдібаев, Тұманбай Молдағалиев, Сәкен Иманасов, Бақытжан Момышұлы сынды көрнекті тұлғаларымен мәңгіге қоштасып, ел болып қайғырып, ақтық сапарға шығарып салып еді... Қазаққа адал қызмет еткен жақсы­лар­дың соңынан Қажытай сері де аттанып ба­рады...
Өткен ғасырдың 60-жылдары Қытай жерінен атамекенге оралған ақын осы уақытқа дейінгі аралықта ұлттық әде­биетіміздің көркеюіне айтарлықтай үлес қосып, жаңа заманғы әдебиетімізге қайма­ғы бұзылмаған қазақы сөздің дәнегін себе жүрді. Қыршаңқы тілінің уытымен салмақ­ты сатиралық шығармалар жазып, заман­ның сұрқия тұстары мен әсірепысық жан­дар­ды түйреп өтіп жүретін. Өлеңдерінде ақыл­гөйсуден гөрі кейінгі ұрпаққа өсиет-нақы­лын айтып, бүгінгі қазақ болмысының түк­пірін барлап, ұлттық құндылықтардың жоқ­таушы-насихатшысы бола білген. Қа­жекең тумысынан батыл, жастайынан тұл­парды жалынан тартып жайдақ мінген, қара домбырасын асынып ән-күйін әуеле­тіп, әзілін ортаға тастап жүретін бүгінгінің на­ғыз серісі еді. Елге біржолата табан тіреу­ге бел буған сол бір қиын-қыстау кезең­дер­де, бозбала шақта қанаттас серіктесі Қаб­деш Жұмаділовпен бірге шекара ас­қан­дағы бастан кешкен қиын жағдайларды жыр қылып айтып отырушы еді, қайран Қажекем. Кейін елде жүріп кілең жақсы-жайсаңдармен иықтаса жүріп, үлкен әд­е­биетке араласты. Қазақтың лирик ақыны Жұматай Жақыпбаевтың  айнымас досы болды. Бертінде «Жұматай» деп аталатын әсерлі күй де шығарды. Жалпы, Қажытай ағамыздың ақындығынан бөлек, сазгерлігі, күйшілігі өз алдына толыққанды ашылмай кеткен бір ерекше қыры еді. Ол кісінің аттың құлағында ойнайтыны талайға аңыз болып кеткен. Киім киісі мен сөйлеу мәнері де өзгелерден кәдімгідей ерекшеленіп тұратын. Ел аузында «Қажекем айтыпты...» деген қаншама қағытпа әзіл-әңгімелер айты­лып қалып жүр. Бір басында осын­ша­лық қасиеттер шоғырланған талантты тұлға былайғы тіршілікте де әлдекімдерден сый-сияпат дәметпей, еңбегін бұлдамай-ақ, таза шығармашылықпен айналысты.
Қажытай Ілиясұлы 1939 жылы ҚХР-дың Тарбағатай аймағындағы Дөрбілжін ауданында туған. Шыңжаң Тіл институ­тының қытай тілі факультетін бітіріп, «Шың­­жаң» газетінің редакциясында ау­дар­­­машы, сол газеттің Іле, Тарбағатай ай­ма­ғындағы меншікті тілшісі болып қызмет істеген.
1962 жылы Қазақстанға келіп, 1969 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. «Ара-Шмель» журналында, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде фельетонист, бөлім бастығы, Қазақ телевизиясында аға редактор, Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемле­кеттік комитетінің Бас редакциясында, «Жазу­­шы» баспасында редактор, «Аза­мат», «Астана», «Астана даусы» – «Голос Аста­­ны» газеттерінде бас редактор, ҚР ҰҒА М.Әуез­ов атындағы Әдебиет және өнер инс­ти­тутында аға ғы­лыми қыз­меткер бо­лып қызмет атқарған. «Дастар­қан» атты ең алғашқы өлеңі «Шыңжаң» газетінде 1959 жылдың күзінде жа­рияланған. Лири­калық, сатиралық өлең­дері республикалық баспа­сөз бет­терін­де 1965 жылдан жарияланып келе­ді. 1967 жылы Қазақстан Жазушылар ода­ғы мен «Лениншіл жас» газеті бірігіп жа­рия­ла­ған жыр мүшәй­ра­сында бас бәй­ге­ге ие бол­ған. 2001 жылдан бастап Ха­лық­аралық «Сорос—Қазақстан» қорының және бірне­ше республикалық жыр мүшәй­ра­ларының бірнеше мәрте жүлдегері.
Сейфолла Оспан, ақын:
– Жалған дүние-ай, өзімен-өзі еркін жү­ріп, еркін ойлап, еркін жазып, өзінің да­ра­лық қасиетін сақтаған тағы бір асыл аза­ма­тымыздан айырылып қалдық. Оның жан дү­ние­сінде қазақтың небір қастерлі сәй­гүлік­т­ері кісінеп тұратын. Және оның өн бойы­нан сатира мен лириканың қос ағыны қос жорғадай тайпалып тұратын еді. Оған қоса, кімді қалай сыйлау керектігін, кімді қай дәрежеде бағалау керек екенін жақсы білуші еді. Ақынға тән тентектеу мінезі болса да, жасы үлкен адамдардың алдынан қия өтпейтін. Қашанда өзіне тән жарасым­ды әзілімен жаныңды жайма-шуақ ететін. Өзі жылқыны жанындай жақсы көр­гендіктен, қазақтың арғымақ, тұлпар­ла­ры жайлы таңды-таңға ұрып, әңгімелеу­ден жалықпайтын. Мінезі де сол жылқы сияқ­ты – ауыздығымен алысып, кісінеп, жү­регі әрнеге алабұртып тұратын. Ажал ант­ұр­­ғанға кім қарсы тұрған?! Қош, өз жаратылысымен қазақ мінезін байыта білген, қайран Қажытай...

Камнұр Тәлімұлы, ақын:
– Асылдың ғана тиеді асылға себі,
Егде тартса әулие жасында сері.
Өтімді жерде отырса өнердің пірі,
Дарындыны дарынсыз
                                         басынбас еді,

– деп, өзінің талант қарымын дүйім жұртқа дәлме-дәл жеткізіп, қашанда өз ойын ашық айта білген, білімпаз, көпті көрген Қажытай ағамыз да бақиға аттанып кетті...
Ол кісі ақын ғана емес, қазақтың талай аңыз-дастандарын, жыр-қиссаларын көкі­регі­не түйген, ұлттық салт-дәстүрімізді терең білетін шежіреші ақсақал, қазыналы қариямыздың бірі еді. «Сатираның саңлағы» атанған Қажекем кешегі-бүгінгі қоғамдағы қожыраған келеңсіздіктерді өзінің усойқы тілімен түйреп өтіп, туабітті турашылдығымен не айтса да біліп айтып, жазса да бүріп жаза­тын. Қазақ әдебиетінің алып айдынында ай­шықты ізін қалдырған аймаңдай ақыны­мыз Қажытай Ілиясұлының соңында қал­дыр­ған өнегесі ұшан-теңіз. Оны саралап, са­наға сіңіру ендігі ұрпақтың еншісінде. Ел-жұрт аманда осындай дарын иелерінің есім­дері елеусіз қалмайтынына кәміл сене­мін. Ағамыздың арты жарық, алды пейіш болсын дейік...

Ақынды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі ертең, 30 қаңтар күні Қазақ­стан Жазушылар одағында сағат 10:00-де басталады. Марқұмның денесі ұлтымыздың аяулы перзенттері мәңгілік тұрағын тапқан Алматы маңындағы Кеңсай қорымына жерленеді. Қазақты қаймағы қалың қара сөзімен сусындатқан ақын Қажытай Ілиясовтың жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!
«Алаш айнасы»

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста