"Сенің туған күніңде" шығармашылық кешіне келіңіз

Исраил Сапарбай ақын-сазгер, драматург ©Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

24-мамыр күні, яғни сенбі, сағат 19.30-да Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік Филармониясының концерт залында (Төле би және Ш.Қалдаяқов көшелерінің қиылысы) ақын-сазгер, драматург, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері Исраил Сапарбайдың «Сенің туған күніңде» атты әдеби-музыкалық (поэзия, ән, би) шығармашылық кеші өтеді. Кешке танымал эстрада жұлдыздарымен қоса талантты жас әншілер және Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының студенттері қатысады.
Күнделікті өткізіліп жүрген машықты, стереотиптік сипаттағы концерттерден аталмыш кештің басты айырмашылығы мен өзгешелігі – үлкен-үлкен үш бірдей өнер саласының, яғни Поэзия, Ән, Бидің бір-бірімен кірігіп, бірігіп тұтастай шығармашылық кешке айналуы. Әрине, бұл автор үшін де, қойылым режиссері үшін де үлкен еңбекті, ыждағатты ізденісті талап етеді.
Айта кету керек, өткен жылдың 5-6-мамыры күндері М.Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық драма театрында И.Сапарбайдың «Махаббат маусымы» атты әдеби-музыкалық өнер кеші өткен болатын. Кеш көрермен-тыңдарман қауымы тарапынан үлкен қызығушылық туғызып, жақсы жаңалық тұрғысында бағаланды. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы бұл кешті толықтай түсіріп, бірнеше рет көрермен назарына ұсынған болатын.
Жоғарыда айтқандай, биылғы өткізілгелі отырған кезекті кеш те режиссер мен ақынның шынайы достығы мен бірнеше жылғы шығармашылық тандемінің игілікті жемісі. Анығырақ айтқанда, әрі ұстаз, әрі режиссер Мұрат Әбзелбаев, нәзік лирикалық ақын – «Махаббат шайыры» Исраил Сапарбай өздерінің өнер өрісіндегі көпжылдық тәжірбиелері мен қарым-қабілеттерін бір арнаға біріктіріп, көпшілік игілігіне ұсынып отыр. Бұл – іздеймін, табамын деген кісіге Өнер көкжиегінің шексіздігін аңғартса керек.
Ұлттық өнеріміздің көкжиегіне тағы бір көз жеткіземін десеңіз, «Сенің туған күніңде» деп аталатын кешті көріп, тамашалаңыз.
Кеш туралы толығырақ мәлімет алғыңыз келсе, сондай-ақ кеш авторы – И.Сапарбаймен немесе қойылым режиссері М.Әбзелбаевпен сұхбат алмақ ниетте болсаңыз кештің баспасөз орталығымен хабарласуыңызға әбден болады.
Тел. 8 701 360 66 63, 8 727 354 06 07

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста