Семей театрында Мұстафа Шоқай сахналанды

Семей театрында  Мұстафа Шоқай сахналанды

Семейдің Абай атындағы  музыкалық драма театры Мұстафа Шоқайдың трагедиялық өмірін сахналады. Авторы  – Рахымжан Отарбаев.  Мұстафа Шоқай алғаш Сыр  жерінде,  екінші рет  Семейде сахналанып отыр. Алаш қайраткерлерінің бірі болған Мұстафа Шоқай  Алаш елі үшін шетелде жүріп  қызмет жасады. Шетелге кетуіне  себеп болғандардың бірі – Ахмет Байтұрсынов. Алаш қайраткерлері бірінен  кейін бірі қамауға алынып  жатқанда сырт елде саясат жүргізуді  аманат етіп тапсырған дейді дерек көзі. 

Драмалық қойылымда  Мұстафа Шоқайдың елдегі қызметі, шетелге кетуге  мәжбүр еткен жағдайлар, ағайын-туыстың нақақтан-нақақ зорлық көргені, тіпті Францияда Мұстафа Шоқаймен кездескен Әміре Қашаубаевты қалай азаптағаны, соғыстың басталуы, сол кездегі Мұстафаның жан дүниесінің арпалысы, ішкі бұлқынысы,  Германия жерінде жүріп мұсылман бауырларды тұтқыннан  құтқарғаны, қоғамдық-саяси қызметі жақсы  сахналанды. Қоюшы-режиссер Қажиахмет Рахметов  кейбір жерлеріне біраз  монолог ретінде өзгерістер енгізген. Екі айға жуық дайындалған Мұстафа Шоқай драмасына барлығы 35-ке жуық театр актерлері қатысты. Мұстафа рөлінде – Бауыржан Төлеков, Мария Яковлевна образын сомдаған – Әсем Байрова.

0053

Құсмілия НҰРҚАСЫМ, Семей қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы:
«Ұлтының ұлы рухын көтеріп жүрген Мұстафаның бейнесін жасау оңай емес. Бірақ осылай басталады.  Мұстафаның жан дүниесіндегі ұлтты сақтап қалу, ұлтты аман қалдыру үшін күрес аяғында бүкіл гитлерлік Германияның болмысын, ашылған болмысын анық түсінген адам сол жүйеге қарсы шықты. Осылай ұлттың бір аққан жұлдызы Мұстафа туралы әртүрлі айтылды. Бүгінгі күні оның шын ұлттың азаматы екенін енді түсініп жатырмыз. Ол Түркістан легионы, оның басшысы болған. Міне, осы танымдық тұрғыдан ұлтты өзін-өзі тану үшін,  бұл спектакль Жеңістің 65 жылдығына орай қойылды».

Қаперге!

 2001 жылдың қазан айында Парижге қарайтын Ножан  ауданында  Мұстафа Шоқайға ескерткіш ашылды. Себебі  ол 1921-1941 жылдары Францияда өмірінің соңғы кездерін өткізсе, оның  он сегіз жылында Ножанда тұрған. Биыл Мұстафа Шоқайдың туғанына 120 жыл толады. Алматыда Мұстафа Шоқай атындағы көше бар болса, Қызылорда қаласындағы Экология университеті Мұстафа Шоқай есімімен аталады.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста