Сексен жасында үшінші рет отау құрған әнші Нұрғали Нүсіпжанов жасарып кеткендей. Мұны әншінің өзгеше стилінен байқауға болады.
Нұрғали ағамызды концертте көріп қалдым. Киім стилі де, шаш стилі де өзгерген. Жасарған. Мүлде басқаша. Өнер адамына осындай өзгеріс керек. Бәрекелді дегім келеді", - деді Мәдина Сәдуақасова.
Осылай деген Мәдина Нұрғали Нүсіпжановпен бірге түскен суретін желіге жариялады.
Желі қолданушылары бұған әртүрлі пікір жазды.
"Иә, сексен жастағы адамға ұқсамайды", "Нұрғали аға бұрыннан жас көрінеді", "Сексен жаста бұлай боянған жараспады", "Ресейлік әншілерден несі кем?", "Бәрі жарасымды", - деп жазды олар.
Айта кетейік, әнші өзінен 45 жас кіші журналист Жадыра Сейдешпен бас қосқан еді. Мұны қолдаған да, сынаған жандар да табылып жатты.