Секең жайлы үзік сыр

Қазіргі Алаштың ардақты ұлдарының бірі, бүгін 60-қа толып жатқан Серік Үмбетов жайлы сырлы да сәнді сөзін, ыстық ықыласын қардай боратып жатқан қазақ аз емес шығар, сірә. Оның біреуі азамат Серікке көкірегіндегі шынын ақтарып, ақ көңілін жеткізсе, екіншілері пендешілікке салынып, әкім Үмбетовке жағынудың мына мүмкіндігін мейлінше пайдалану үшін өтірік көлгірсуі де әбден мүмкін. Сондықтан мен Секеңнің мемлекет алдындағы аршынды, ел көлеміндегі елеулі, қоғам алдындағы қомақты еңбегін басқаларға бұйыртып, өзім білетін, өзім тәнті болған адами қасиеттері туралы сөз сабақтауды жөн көрдім.

Серік Әбікенұлымен алғаш рет жұртты тығырыққа тіреген 90-жылдардың басында таныстым. Сол кезеңдегі шаруасы шатқаяқтаған тіршілікті сынға іліп, турасынан сөйлейтін Қазақ телевизиясының «Шарайна» ақпарат бағдарламасының тілшісі болатынмын. Мәселеге онша бойлауға мұрша бермейтін албырттық па, әлде сын деген осы екен деп, қамшыны қатты басып жібердік пе, білмеймін, Алматы облысының бір ауданы жайлы кезекті бір «өткір» материал өткен күннің ертесіне бөлім бастығы Мейрам Базарұлы: «Облыс әкімінің орынбасары Үмбетов шақырып жатыр», – деді. Қайран жастық... керек десеңіз, облыс әкімінің орынбасарын да «орнына қоямыз» деген пиғылмен қоқиланып, Коммунистер көшесіндегі облыс әкімшілігі кеңсесінің есігін аштым. Мен күткендей алдымнан ашудан аузы көпіріп, шеке тамыры білеудей болған тасқарын бастық емес, керісінше, өте инабатты, дауысы биязы бір жан орнынан тұрып қарсы алды. Алғашында мұндай қабылдау болады деп ойламаған мен не дерімді білмей, абыржып қалдым. Кешегі бағдарламада «аспандатып ұрандатқан» проблеманың түп-төркінін сыпайы сөзімен тәптіштей түсіндірген Серік Әбікенұлының қоңыр дауысын, бас көтеруге шама жоқ, жерге қарап тыңдадым да, мұрнымның астынан бірдеңе деп міңгірлеп, кешірім сұрадым. Қазіргі заман болса, редакция басшысына телефон шалып, тілшінің ит терісін басына қаптап, сотқа беріп, ию-қию болатын уақиға-ақ, бірақ бұл әңгіме сол бөлмеден әрі шыққан жоқ. Журналистік жолды енді бастаған мен үшін бұдан артық қандай сабақ керек? Сөйтіп, маған тасты да, басты да жаратын сөз құдіретінің қасиетін бес жыл оқытқан жоғары оқу орнының ұстаздары емес, сол кездегі облыс әкімінің орынбасары Үмбетов түсіндіріп берді. Содан былай байқап сөйлеп, аңдап басатын болдық. Бұл оқиғадан кейін Серік Үмбетовпен көпке дейін кездескен емеспін, бірақ адамгершілігіне, сыпайылығына, салмақтылығына тәнті, өнерге, тарихқа, әдебиетке, баспасөзге деген көзқарасына сырттай риза болып жүрдім.

2002 жыл басталмай жатып біздің әулетке қиындығы мен қайғысын ала келді. Ақпан айының басында қазақтың атағын әлемге қолындағы имек таяқ, жұмыр доппен аспандатқан саңлақ спортшы Саян Шаймерденов мүшелінде, 48 жасында, кенеттен дүниеден озды. Көгалдағы хоккейден КСРО-ның 10 дүркін чемпионы, Кеңестер Одағы құрама командасының бес жыл капитаны болып, жасындай жарқылдаған жалғыз қазақ Саянды көзінің тірісінде елі елегенмен, ана дүниеге аттанған соң, салқындық танытты. Сол кездегі спорт басындағылар Саян Шаймерденовті есте қалдыру шараларына селқос қарады. Олар сөйтті екен деп, қол қусыруға бола ма, Саянның құлпытасын қоюға өзіміз қам жасадық. Саянның әкесі – халық жазушысы Сафуан Шаймерденов – атағы дардай болғанымен, байлық қуып дүние-мал жинамаған адам. Саян да сондай еді. Ағайын-туғанның жинап берген ақшасына қолдағы бар азын-аулақ қаражатты қосып, құлпытасқа тапсырыс берейін деп Қордайға бардым. Ондағылар мен сұраған тасқа жеті әкесінің құнын сұрады десем, қаталеспеспін.

«Енді қайттім?» дегенде, есіме Серік Әбікенұлы оралды. Ол кезде Үмбетов Жамбыл облысының әкімі болатын. Қолма-қол Жамбыл облысы әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі, досым Мейрам Базарұлына телефон шалдым, жағдайды айтып, әкіммен жолықтыруын сұрадым. Көп кідірмей Мейрамнан «кел, қабылдайтын болды, тез жет» деген хабар түсті.Тақтайдай тегіс жолмен Қордайдан Таразға тарттым. Әкімнің қабылдау бөлмесіне кірерін кірсем де, «осым қалай болар екен, баяғыда бір көрген мені ұмытып та қалған шығар?» деп тартыншақтай бастап едім, хатшы қыз:

– Аға, кіріңіз, Серік Әбікенұлы күтіп отыр, – дегесін, шегінерге жол жоқ, аумағы ат шаптырым үлкен кабинеттің есігін имене аштым. «Сайын інім, амансың ба?» – деп үстел басынан тұрған Секең сәлемімді алып, құшақтап бауырына басты. «Ағаңды, қазақтың арда ұлы, бәріміздің мақтанышымыз Саянды беріп жатсың», – деп көңілді босатқан жылы сөздерін айтты. Мұндай қабылдауды күтпеген менің көзімнен еріксіз ыстық жас ыршып кетті.

«Хабардан» сюжеттеріңді ылғи байқаймын, баяғы Сайын емессің, сөзіңе де, өзіңе де ризамын, бірақ соңғы кезде көрінбей кеттің ғой», – деп әңгімені маған бұрды. «Себебін өзім де білмеймін, Серік аға, мені олар жұмыстан шығарып жіберді», – дедім жасқа булығып. «Мен қазір бастықтарыңа телефон шалайын», – деп орнынан көтерілген Серік Әбікенұлын зорға тоқтатып, келген мәселем – Саянға қойылатын құлпытастың қиындығы жайлы айттым. Жағдайды үн-түнсіз мұқият тыңдаған ол: «Әй, жігіттер-ай, осы біз азаматтың қадірін қашан түсінетін боламыз?» – деп әлдекімдерге ренішпен басын шайқады да, қолма-қол Қордай ауданының әкіміне телефон шалып, «көмектес» деп тапсырма берді. Сөйтіп, Серік Әбікенұлының тікелей араласуымен Кеңсайда кеңес заманында қазақтың Саяны болған саңлақ спортшыға арналған көргеннің көңілінен шыққан құлпытас орнады. Кеңсайға барған сайын, «ағамның аруағы, Секе, ең алдымен сізге разы шығар» деп ойлаймын. Үмбетовтің ағалық шарапатын бұдан кейін де талай көрдім, ылғи сезем. Әкеміз – халық жазушысы Сафуан Шаймерденов дүние салғанда да, Серік аға алғашқылардың бірі болып қайғымызға ортақтасып, телефон шалып, көңіл айтты, жылын өткізуге көмек қолын созды. Кейін «Литер Media» компаниясында қызмет атқарған кезімде, бүгіндері елге танылған республикалық «Айқын», «Литер» газеттерінің болашағына сеніммен қарап, елге танылуына өз тарапынан атсалысты. Мұны да бір ғана газет емес, жалпы, қазақтілді БАҚ жанашыры болып жүрген ұлтжанды Серік Үмбетовтің тағы бір қыры, тағы бір адами қасиеті деп қабылдаған жөн.

Көп жыл бұрын арамызда орнаған осы бір ыстық сезім, байланысты өз басым алдында туған ағасы жоқ маған берген Алланың сыйы шығар деп бағалаймын.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста