Шеберлік дәрісі – шыңдалу баспалдағы

Шеберлік дәрісі – шыңдалу баспалдағы

Әдебиеттегі аға буын өкілдерінің аузынан «Кезінде Әуезов­тің, Кенжебаевтың дәрістерін тыңдаған едік» деп тамсана еске алатын жылы лепестерді жиі естіп қалып жатамыз. Сол дәріс­ті тыңдап, көкейіне түйіп өскен ағалардың өзі бүгінгі әдебие­ті­міздің бір-бір тұлғасына айналды. Қазақ әдебиеті классиктерінің әрбір сөзін, әрбір оқыған дәрісін Алматыдағы қара шаңырақ – ҚазҰУ-дан (сол кездегі атауы) бөлек педагогикалық, ауыл­шаруашылық, тіпті техника саласының студенттері де ынтыға тыңдаған деседі. Сол үзілген үрдісті жалғамақ ниетпен өткен апта соңында Қазақстан Жазушылар одағы ұлттық әдебиеттің жас буын өкілдеріне корифейлердің мастер-класс өткізіп, өзінің шығармашылық лабораториясының қыр-сырымен таныстыруға мүмкіндік беретін жиын жасады. Отырыстың алғашқы тәлімгері – прозашы, драматург, кинодраматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы Қалихан Ысқақ болды.
Алғашқы дәріске есімдері елге таныла бастаған, тырнақалды дүниелері баспа бетінде жарияланып, жеке кітап болып шыққан Серік Нұғыман, Қойшыбек Мүбәрәк, Мәди Алжанбай, Бейбіт Сарыбай, Дархан Бейсенбек, Мирас Мұқаш, Мақсат Рамазан, Жеңісбек Көкенов, Серікбол Хасан, Бауыржан Әлқожа, Әлібек Байбол, Жақсылық Қазымұрат сынды жас ақын-жазушылар қатысты. Дәріс барысында қарт қаламгер әдебиетіміздің өткенінен өнегелі сыр шертіп, өз заман­дас­тарының шығармашылығына баға бер­ді. «Әдебиетті сүю – әлемді сүю. Мен Әуе­зовтің, Кенжебаевтың, Қабдолов­тар­дың дәрісін тыңдадым. Сол үшін де өзімді жолы болған адам деп есептеймін. Бүгінде есімдері аңызға айналған тұл­ға­лармен қатар жүрдім, тәлім алдым. Алаш арыстары ақталмай жатқанда, олар­дың шығармашылығы туралы там-тұмдаған ақиқатты осы кісілерден естідім. Ағаларымыз қазақтың басынан өткен қанқұйлы тарихты бізге аманаттап отырды. Олардың бізге көрсеткен үлгісі көп болды. 1956 жылы І.Жансүгіровтің «Күй» поэмасын жастығының ішіне сақтап, жан баласына көрсетпей келген ағаларымыз оны баспадан басып шығарды. Бұл – арыс­тарымызға деген құрмет еді. Сол абзал ағаларымыздың бейнесі әлі күнге көз алдымда», – деді Қалихан Ысқақ өткенді тебірене еске алып.
Еркін әңгіме негізінде өткен жиында жас қаламгерлер де өздерінің ойларымен бөлісіп, бүгінгі әдеби ахуалдың көкейде жүрген сауалдарын жазушыға жолдады. «Борхес, Хемингуэй дейсіңдер, солардың жазған дүниелерінің түпнұсқасын кім оқыды? Ешкім де көрген жоқ, бәріміз тек аударма арқылы таныспыз. Біз «шетел жазушылары не жазып жатыр екен деп емес, қалай жазып жатыр екен, жазу үлгісі, формалық ізденісі қалай екен?» деп оқитынбыз. Олар да өз халқының мұң-мұқтажын жазды. Сол себепті де сендерге айтарым, өз халқыңның уайым-қайғысын, қуанышын көркем сөзбен кестелеуден, тасқа басудан асқан ғанибет жоқ, соны ұғыныңдар, – деді Қалихан Ысқақ әр сұ­раққа байыппен жауап қатып. – Мен жастарды үнемі газет-журнал бетінен бақылап отырамын. Аяқ алыстары жақсы. Біз де жас кезде жалдап алған орыстың пәтерінде ыдыс-аяқ арасында отырып жаздық. Ағаларымыз қамқорлық танытып, әр жазған дүниеміздің кем-кетігін, жетістігін айтып отырды. Қасиетті қаламды серік еткендерге ешкім «былай жаз» деп үйретпейді. Ә.Кекілбаев, А.Сүлейменов, З.Серікқалиев, С.Мұратбек, Ә.Тарази бә­рі­міз қатар жүрдік. Өзімізге өзіміз сыншы болдық. Сендер де соны үйренулерің ке­рек. Жас буынның бақыты – әдебиетке Қазақ елі Тәуелсіздік алғаннан кейін кел­ген­діктерінде. Бірақ сендерге артылар сенім, жүктелер жауапкершілік сал­мағы жеңіл емес. Тәуелсіз сана, егемен қазақтың психологиялық образын ашу  — сендердің міндеттерің. Жазушыға әуелі көркем тіл, содан кейін фантазия керек. Біздің әдебиеттің бір қасиеті, бізде қыр қазағының образы жоғалмады. Қыр қаза­ғының образын сендердің қалам­дарың суреттемесе, онда ұлттық әдебиеттің то­қы­рағаны. Өйткені адамгершілік, кісілік қа­сиеттердің жиынтық бейнесі әлі де қыр қазағының бойында сақталған».

Бейбіт САРЫБАЙ, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Балалар әдебиеті мен жастар кеңесінің әдеби кеңесшісі:
– Соңғы уақыттарда баспасөз беттерінде, әдеби басылымдарда көрініп жүрген жас прозашылардың өзі кішігірім бір буын болып қалыптасып үлгерді. Олардың әрқайсысының атын атамасақ та, көзіқарақты оқырмандар мен аға буын өкілдері жақсы біледі. Ал олардың кәсібилігін шыңдау, шеберліктерін арттыру үшін мұндай шеберлік дәрістері бүгінгі таңда өте қажет. Бұл – бұрыннан бар үрдіс. Тек соңғы жылдары ұмытыла бастаған. Біз аға буын мен кейінгі толқынның арасына байланыс орнатудың қаншалықты маңызды екенін ескере отырып, ескі дәстүрді жандандырып отырмыз. Шеберлік класы әр ай сайын өтіп тұратын болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста