Семейлік театр елордаға келе жатыр
Семей мемлекеттік академиялық театры 18-20 сәуір күндері Астанадағы гастрольдық сапары барысында елордалық көрерменге төл қойылымдарын ұсынады.
Абай елінен келетін театр репертуарында «Отырардың күйреуі» және «Он үшінші жұлдыз» атты спектакльдер мен жасөспірімдерге арналған «Сиқырлы торсылдақ» қойылымы бар. Театр ұжымы 18 сәуірде Л.Гумилев атындағы Еуразия университетінің студенттеріне «Отырардың күйреуі» қойылымын ұсынады. Сондай-ақ труппа М.Горький атындағы Орыс драма театры сахнасына 19-20 сәуірде шығады. Театр өнерпаздары бұған дейін ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты Шығыс Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндерінде өнер көрсеткен болатын. Семейдегі орыс драма театры 1937 жылы ресми түрде ашылған. Оған 1975 жылы Федор Достоевскийдің есімі берілген.
Сахна
Последние статьи автора