Күйшіге арналған кеш
Оралдағы Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармония залында республикаға танымал күйші-термеші Мұрат Кәримуллиннің 60 жылдығына орай еске алу кеші болды.
Батыс Қазақстанның Жәнібек ауданында туып-өскен Мұ рат Кәримуллин қамшының сабындай ғана ғұмыр ке шіп небәрі 37 жасында көз жұмды.
Осыншама қысқа ғұмырында ол ұлттық дәстүрлі өнеріміздің лайықты дәрежеде насихатталуына барынша еңбек етіп, талантымен талайды тәнті еткен. Музыкалық арна йы білімді өнер ордасы Алматыдан алып, бірқатар рес публикалық, бүкілодақтық байқауларда орын даушылық шеберлігімен ерекшеленіп, жүлделі орындарды иеленген.
Ән мен күй кешінде белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағы БҚО бөлімшесінің төрайымы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Ақұштап Бақтыгереева, әнші-композиторлар Донеділ Қажымов, Гүлнәр Дәукенова, домбырашы Ермек Қазиев сынды белгілі өнер мен мә дениет саңлақтары Мұрат жайлы әсерлі естеліктерімен бөлісті. Тағдырлы талант иесін еске алу кешінде сондай-ақ «Ай гүл» ансамблінің әншісі Қарлығаш Мұртазина, М.Кәримуллиннің жары Ұлмекен Төлеуова, немересі Жантөре, аға сының ұлы Абзал Кәримуллиндер қатысты. Кеш ба ры- сында әнтермелер орындалып, күй тартылып, арнау өлеңдер оқылды.