Сахна

Сахна

• Құлаққағыс

Театрлар Алматыға жиналады
Алдағы 25 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Алматы қаласында Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған ХІХ республикалық театрлар фестивалі өтеді.
Бұл өнер мерекесіне еліміздің республикалық және облыстық театрларының жаңа Қазақстанның қалыптасуы мен жетістіктері, Тәуелсіздіктің тарихи маңызын көрсететін патриотизм тақырыбындағы отандық авторлардың шығармасы бойынша соңғы екі-үш театрлық маусымда сахналанған үздік қойылымдармен қатысуы жоспарланған. Фестиваль қойылымдарының басым көпшілігі Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының сахнасында көрсетіледі. Келемін деушілерге есік ашық.

«Әуезов» Таразда жүр
Осы аптаның басынан бастап М.Әуезов атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театры Тараз қаласына және Жамбыл облысының Байзақ, Жамбыл аудандарында гастрольдік сапармен жүр.
Тараз көрермендерімен қауышу – театр ұжымы үшін үлкен қуаныш. Тараздық көрермендер назарына «Абай» (М.Әуезов), «Сыған серенадасы», (И.Сапарбай), «Жүрейік жүрек ауыртпай» (Б.Жәкиев), «Тендерге түскен келіншек» (М.Сәрсеке), «Қазақтар» (Қ.Ысқақ) қойылымдары ұсынылуда. 25 қыркүйекке дейін жалғасатын гастрольдік қойылымдарда Сәбит Оразбаев, Тұңғышбай Жаманқұлов, Торғын Тасыбекова, Шәмшәгүл Меңдиярова, Рашида Хаджиева, Айдос Бектемір, Қымбат Тілеуова, Бекжан Тұрыс, Ерлан Біләлов, Асылбек Боранбай, Дария Жүсіп, Шынар Жанысбекова, Дулыға Ақмолда, Жалғас Толғанбай сынды танымал әртістермен қатар, жас буын өкілдері өнер көрсетуде. Гастрольдік сапардан оралған соң, театр Алматыда жаңа маусымын ашпақ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста