Шахизаданың жолдасы өзінен 10 жас кіші қызға үйленіп алды

Шахизада 10 жыл отасқан жолдасымен ажырасып, жаңа пәтеріне жалғыз өзі көшіп барды. Ерлі-зайыптының ажырасуына әншінің бала көтере алмауы себеп болған екен. Десе де, ол өзінен он жас кіші қызға үйленген жолдасына тек қана бақыт тілейтінін айтады.
Бұл туралы Stan.kz 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Шахизада жуырда Алматының элиталы ауданында орналасқан жаңа пәтеріне көшіп барды. Әнші жөндеу жұмыстарына тікелей өзі атсалысқан. Күйзеліп жүрсе керек, пәтерін жанға жайлылық сыйлайтындай әрлеуге тырысқан. Мұнымен қатар, қымбат пәтерінде жалғыз өзі тұруға мәжбүр. Себебі, ол 10 жыл отасқан күйеуімен ажырасты.

"Үйдегінің барлығын өз талғамыма сай таңдадым. Интернетте 5-6 ай бойы өмір сүрдім десем де болады. Өзім, достарым үйге келген кезде жанға тыныштық сыйласын деген ойда болдым. Асан Құрманбеков екеуіміздің сәбиіміз болмағандықтан, ол өзінен 10 жас кіші қызбен отасты. Маған "Домалақ ана барлығына көмектеседі. Сен де сол кісінің әрекетін қайталап, маған басқа қызға үйленуге рұқсат бер" деді. Ойлана келе біреудің бағын байламауды жөн көрдім. Ұрпағын көбейтіп, кішкентайлы болғысы келген шығар. Екеуімізге бөпе бермеген соң ер азамат қой деп батамды бердім. Өтірік айтпағанымды аспанда құдай көріп тұр ғой. Осылайша менен қарағанда жастау қызға үйленді. (Күлді.) Бірақ адам баласының көңілі ешуақытта қартаймайды. Үйленіп, үбірлі-шүбірлі болсын. Басқа біреуден кішкентайлы болғысы келген адамды мен қалай байлап ұстаймын?! Шындығында бір-бірімізге түсіністікпен қарадық. Әрине, жүрегім ауырды. Жақсы да, жаман да болса да, 10 жыл бірге тұрдық. Бақытты бол, айналайын", – дейді әнші.

Дәл қазір Шахизада бірнеше бөлмелі пәтерінде жалғыз өзі тұрып жатыр. Үйін қымбат материалдармен әрлеп қана қоймай, арнайы жаттығатын құрылғылар да алған. Мұнымен қатар, массаж жасайтын арнайы төсегі де бар. Ол үйіне достарының жиі келетіндігін айтады.

Әншінің бір ұлы бар. Жуырда өзі әже атанған болатын.

nur.kz 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста