Шахаризат Сейдахмет тұңғыш бейнебаянын түсірді (ВИДЕО)

Шахаризат Сейдахмет. ©massaget.kz

Халыққа «Қазақстан дауысы» жобасымен етене таныс әнші Шахаризат Сейдахметтің «Мақпалжан» атты әнге түсірген тұңғыш бейнебаяны шықты деп хабарлайды BNews.lite тілшісі massaget.kz порталына сілтеме жасап.
Бейнеклип Youtube.com видеоресурсына 3 тамыз күні салынған. «Мақпалжан» әнінің сөзін Ержанат Байқабай жазса, ал әнін Қажымұрат Шешенқұл жазған. Бұл ән бұған дейін де осы екі өнерпаздың және Тоқтар Серіковтың орындауында халыққа ұсынылған болатын. Бірақ AIMVI пордюсерлік орталығы түсірген бейнебаян электродомбыра үнімен әлемге аты әйгілі Nickelback рок-тобының стилінде жазылған. Бейнебаян Алматы қаласының көрікті жерлері мен Қапшағай демалыс орнында түсіріліпті.
Шахаризат Сейдахмет қазақтың тұңғыш электродомбырасын дүниеге әкелген Нұржан Тойшының продюсерлігінде. Бейнеклипте аталған продюсердің жетекшілігіндегі «Алдаспан», «Шарапат» топтарының мүшелері Мақсат Хасанов, Шәмшаддин Омаров және Рафхат Ізден, Қанат Ботабаев түскен.
«Бұл әнге 2005 жылы қызығып, Қажымұрат Шешенқұл ағамыздан рұқсат алғымыз келген еді. Бірақ ол уақытта мүмкіндік бола бермеді. Одан кейін бұл әнді Тоқтар Серіков те, ән авторы да орындады. Бірақ біз өз стилімізде бұл әнді орындап, халыққа жеткізгіміз келді»,-дейді Шахаризат Сейдахмет.
«Ән заманауи стильде әрленгенімен фольклорлық бояуын жоғалтпаған. Қазақилық вокалымен Шахаризат өз деңгейінде жетік жеткізген. Себебі оның осы тұстағы ұтқаны дәстүрлі бағыттағы ән сала алуы деп ойлаймын. Ән орындалуының ерекшелігі де сонда»,-дейді бейнебаян режиссері Бақытжан Желдербаев.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста