Шәріп Омаров тұлғасы – көрмеде

«Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» бағдарламасы аясында ҚР Орталық мұражайы белгілі қоғам және саяси қайраткерлеріне арнайы көрме ұйымдастырып келеді. Солардың бірегейі, ел тарихындағы биік тұлға – Шәріп Омаров.  Көрме 23 қыркүйекте басталып, 23 қазанға дейін жалғасын таппақ.
Қазақ ұлттық техникалық университетін инженер мамандығы бойынша тамамдаған Шәріп Омаров көптеген лауазымды қызмет атқарды. ҚР Жастар ісі жөніндегі мемле­кет­тік комитет төрағасының орынбасары, мем­лекеттік «Қазақстан» теле-радио ком­па­­ниясы төрағасының орынбасары, Ал­ма­ты қаласы әкімінің орынбасары, ҚР Пар­ла­менті Мәжілісінің депутаты, Ха­лық­ара­лық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жө­нін­­дегі комитеттің төрағасы, ЕҚЫҰ Пар­ла­мен­ті Ассамблеясының мүшесі, ТМД ел­дері Пар­ламентаралық ассамблеясының сырт­­қы саяси комитетінің төрағасы, ҚР Че­хия мен Словакиядағы Төтенше және өкі­лет­ті ел­шісі сынды жоғары лауазымды мем­­­ле­кет­тік қызметтерді үлкен жа­уап­кер­ші­лік­пен атқарған тұлға қызметі ұрпаққа үл­гі. 
1967 жылы Қазақ политехникалық ин­сти­туты жанынан құрылған «Дос­-Мұ­қа­сан» ан­самблінің құрамына кейіннен Шә­ріп Ома­ров та келіп қосылды. Ол 1974 жы­лы «Дос­Мұқасан» ансамблі құрамында Ле­нин ком­­сомолы сыйлығының лауреаты атан­ған.
Өмірден өзі кетсе де, ел дамуы үшін елеу­лі үлес қосқан қоғам қайраткеріне ар­нал­­ған көрме  Ш.Омаровтың жеке мұ­ра­ға­тынан алынған әртүрлі құжаттар, ма­ра­паттар, ресми костюмі, футбол формасы мен добы, әуе десанты береті, фотосуреттері негізінде құралып отыр.
Көрмеге белгілі қоғам және саяси қай­раткерлер, Ш.Омаровтың отбасы мү­шелері мен достары қатысады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста