Сақ-үйсін дәуірінің көне қорымы табылды

Археолог-ғалымдар Қарағандыға жақын жерден жауынгердің мәйіті мен темір қарудың сынығы және қойдың бас сүйегі табылған ескі қорымға кез болды. «Сүйектерге шамамен мың жыл болған» деген болжам бар.

Топографиялық барлау кезінде аталған аймақтың қырат іспетті екендігіне назар аударған геодезшілер «бұл маңайда ескі қорым болуы тиіс» деген ұйғарымға келген. Археологтардың ол төңірекке қызығушылығының оянуына осы жайт себепкер болыпты. Ғалымдар табылған деректік заттардың аса құнды екендігіне сенімді және оларды ортағасырларға, яғни б.д.д V ғасырдағы сақ-үйсін дәуіріне жатқызуда. «Сақтар – Қазақстан территориясындағы алғашқы тайпалық бірлестіктердің бірі, – дейді археолог Валерий Евдокимов. – Табылған қаңқалардың негізгі ерекшелігі – бас сүйегінің төбе жағы жоқ». Мамандардың ойынша, мұны былай түсіндіруге болады, яғни бас сүйегі әскери олжа есебінде болған немесе марқұммен қоштасу барысында оның бас сүйегінен ритуалдық тостаған жасалынған. Археологтың бұл реттегі пікірі «Ол кезеңде қайтыс болған кісінің бас сүйегін тұмар есебінде үйде сақтау нанымы болған. Мәйіттің бас сүйегінің төбе жағы болмауы кездейсоқ жайт емес. Ал қаңқаның аяқ жағында қойдың басы жатыр. Ол кезеңге тән мұндай қорымдар – әдеттегі құбылыс» дегенге саяды. Болжам бойынша, сүйек көшпенді ер адамға тән. Оның бойы шамамен 180 сантиметр болған. Тісінің құрылымына қарай, «жасы 40-тар шамасында» деп анықталды. Ортағасырлық адамның қаңқасы антропологтардың әрі қарайғы зерттеуі үшін жақын арада Алматыға жіберілмек.
Жалпы, Қарағанды маңайынан барлығы үш қорым табылған. Бірінші қорым өткен жылы қазылған және одан әйел адамның қаңқасы мен жұмыс құралы және жартылай бағалы тастардан тұратын алқа табылған. Онда басқа да көптеген заттар болған. Бірақ қорымның тоналуы салдарынан өзге жәдігерлер қолды болып кеткен.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста