Сапарғали ақынның мұрасы насихатталды

Семейдегі Абай мемлекеттік әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушы халық ақыны Сапарғали Әлімбетовтің туғанына 125 жыл толуына орай әдеби кеш өткізілді.
Көрнекті халық ақыны Сапарғали Әлім­бетов – соңына мол мұра қалдырған бір­туар талант. Абайдың ақындық мек­тебінен қанаттанған Сапарғалидың айтыстары өмір шындығына сәйкес өрілсе, жыршы­лық және шежірешілігі өз алдына бөлек әңгіме. Суырыпсалмалық қасиеті, өткір тіл, кестелі сөз шеберінің мазмұнды да көркем өлең-жырлары, толғау-дастан, айтыстары ел көкейінде ертеден жатталып қалды. Со­ның ішінде «Мейір батыр», «Молдабай балуан», «Ер Бота», «Татьяна», «Ер Білісай» «Балапан», «Байбосын», «Жәһуда», «Қой­келді батыр» атты дастандары қазақ әде­биетінің асыл қазынасына айналды. Са­пар­ғалидың шығармашылық қыры туралы баспасөз бетінде алғаш пікір білдірген Ілияс Жансүгіров болса, белгілі абай­та­нушы ғалым Қайым Мұхамед­ханов оның поэтикалық ерекшеліктеріне талдау жаса­ғандығын да айтқанымыз жөн.
Кеш барысында С.Әлімбетов мұрасын зерттеуші, филология ғылымының кан­дидаты, до­цент М.Иманжапаров ақын­ның өмірі мен шығармашылығы жайында мол мағлұмат берді. Ғалымның ай­туынша, мол мұраны ел ішінен жинақтау оңайға түспеген. Тын­бай еңбектенудің нәтижесінде С.Әлім­бе­товтің төрт кітабы жарық көрген екен. Кеш барысында ақынның аталас туысы Н.Омар­ғалиева туыстық шежіресіне тоқ­тала келіп, «Мейір батыр» поэмасын жатқа оқыды.
Кеш қонақтарына ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған бей­некөр­сетілім және кітап көрмесі көр­сетілді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста