Сапа белгісі бар қазақ

Дайрабайды айтамын, біртүрлі қызық жігіт. Жігіт болғанда қазір жасы елуді еңсерген жігіт ағасы ғой. Салиқалы, сабырлы. Самайын да күміске салып үлгерген. Ақыл-парасаты да ауыл баласының аңғал мінезіндей аңқылдап есіп тұрады. Мінезі де ұстамды. Мен мұндалайтын ерекшелігі жоқ, өзіміз қатарлы екі аяқты адам. Бірақ деймін-ау, атүсті жолыққан адамның өзін баурап әкететін бір мінезі бар. Мен өзімнің қатарым, досым Дайрабай Үсіпбаевтың сол ерекшелігі не сонда деп бас қатырып отырмын. Себебі ол туралы мақтап мақала жазғым келеді. Дайрабайдың қаншалықты мықты азамат екенін аз сөзбен дәлелдеп шыққым бар.


Сондықтан да досымды бастан-аяққа дейтін жіліктеп, мінез-құлқын таразыға тар­тып, бойы мен ойын тезге салып тері иле­гендей илеп жатырмын. Сонда не айт­қым келеді дейсіз ғой. Ең алдымен, иә, ең алдымен Дайрабайды сапа белгісі бар қазақ деп дәлелдегім бар. Кезінде, Кеңес Одағы шетелге экспортқа шығатын мықты дүниелерге баттитып бесбұрыш ен соға­тын. Сапа белгісі. Оны біз қазір Алтын са­па­ға айналдырып алдық. Саф алтындай таза деген сөз. Сол Алтын сапаны Дайра­бай­дың маңдайына басып қояр едім, нағыз қазақ, міне, осындай болады деп. Өйткені аю мен аждаһаның ортасында отырған жылқы мінез қазаққа бүгін саннан гөрі сапа керек. Сапа ені бар азаматты қазақтың өз ортасынан іздемесек, басқа елдердің адам зауыттары тек өздеріне жұмыс істеп жатыр. Сонымен Дайрабай­дың сапасы қандай? Рас, ол – кәсіпкер, қазіргіше бизнесмен. Бірақ, Абайша айт­қанда, «өзіңде бармен көзге ұрып, арты­лам деме өзгеден» емес. Ғылым іздеп жүр­ген кәсіпкер. Қызық дедім ғой жаңа, сондай. Дәкеңнің ұстазы, ғылыми жетек­шісі, әйгілі ғалым, қайраткер Рахман Ал­ша­нов ағамыз былай дейді: «Жалпы қазақ ғылымы үшін теңіз портын зерттеп жазу – тың игергенмен бірдей дүние. Ондай ғы­лыми еңбектер өте аз. Міне, соған түрен сал­ған алғашқы пионердің бірі – Дайра­бай. Батыл екен. Білекті түріп тастап кірісіп кетті. Және де тиянақтылығы ұнады. Ғы­лым­ға керек мінездер: табандылық пен түбіне жетпей қоймайтын жігер бар бо­йында. Жап-жақсы дүние жазып шықты. Ғылыми кеңесте де тартынған жоқ. Тың­ғы­лықты жасаған жұмысын дәлелдеді. Сенің бұл жұмысың елге керек, сабақ бер дедім. Уни­верситетте сабақ берді. Елмен түсінісу­ге жақсы. Ең бастысы, қандай оқи­ға мен дерек болса да, бірдей еріп кет­пей­ді, өз пайымына салады. Зерделеп алады. Со­сын өз ұстанымынан айнымай­ды. Оны мен ЖаңаӨзен оқиғасы кезінде көрдім. Бірге жүрдік, ел араладық. Барлық дүниеге шы­найы баға бере алады. Біздің жеріміз кең деп мақтанамыз. Ертең сол жерді кім қор­ғай­ды? Енді найзаның ұшы емес, бі­лім­нің күші керек. Өткенде Елбасы бізге за­маны­мыз­дың батырларын іздеңдер деді емес пе? Анау Данияның, Норвегияның азамат­та­рын қарашы. Біреуі бес қазаққа татиды. Бізге мықты азаматтар керек. Дай­рабайды мен дәл бүгінгі қазақ азаматы деп тани­мын»
Дүниенің бәрін Менделеев кестесіне салғандай орнына қойып беретін ғалым аға­ның бағасы осындай. Ол кісі де шәкір­тінің маңдайына сапа мөрін басқысы бар. Біз, қазақ, қызықпыз осы. Жақсы көрсек жақ­сылап ен салғымыз келеді. Толыбай­дай сыншыны текке тумаған елміз ғой. Жақ­сы жігіттің бойынан жетпіс қасиет із­де­мей тоқтаймыз ба, сірә?! Мен де досым­ның қасиеттерін бармаққа салып есептей бастадым. Ақын, өнерпаз, іскер, әке, дос­шыл, отансүйгіш, алғыр, батыл, байыпты болып кете береді екен. Сосын Дәкеңнің ақын інісі Әлібек Шегебайдың көкірегінде барын кілкіп алып көрейін дедім: «Алыста Ақтауда біздің ауылдан шыққан мықты кәсіпкер бар деп естіген едім. Бірақ бақуат­ты жігіттердің бықсығынан көңіл жеріп қалған, іздеп көрген емеспін. Бірде «Қазақ әдебиетіне» бір топ өлеңдерім жарық көрген соң бір жігіт «ағаң едім» деп телефон соғып тұр. Дәкең екен. Ақын іні­ле­рін іздейтін бизнесменді көргенім – осы. Танысып, араласып кеттік. Сөйтіп, өлең­дерін оқыдым. Ауылдан жырақта жүрген­дік­тен бе, кілең сағыныштан құйылыпты. Жақын болып кеттік. Жаны жұмсақ ағам ғой. Оның қасында өзіңді жайлауда жүр­ген­дей сезінесің. Пендеміз ғой, кейде оңа­ша қалғанда үшінші біреуді жамандауға болады ғой. Жоқ, ондайын көрмеппін. Сыр­тынан ешкім туралы пікір айтпайды. Оның есесіне өті жарылып кетсе де, бетіне айтады, тіліп айтады. Сосын сыйламай көр. Ал рухани дүниеге, өнерге ілтипаты ерек­ше. Ағам Алматыға келгенде ең бірінші бітіретін дүниеміз, кітап дүкендерін аралаймыз. Шынымды айтайын, Дәкеңнің арқасында біраз кітап дүкенінің мекенін бі­ліп қалдым. Ағамның арқасында кітапқа байып қалғанымның несін жасырайын. Бір байқағаным, Дәкеңді алдауға болмай­ды. Өйткені өте сенгіш адам. Өзгеге жа­ман­дық ойламайтын адам сондай бола­ды-ау деймін. Қулығы жоқ адамның қалай мықты кәсіпкер болып жүргенін білмеймін. Бірақ оны алдаған адамның өзінің жолы болмайтын шығар. Жалпы, ол кісі өмір бойы өзін-өзі тәрбиелеп келе жатқан адам деп ойлаймын. Шіркін, біз қазақтың әрбір азаматы сондай болса ғой».
Осы мақаланы жазу барысында сы­пы­ра мақтап отырғанымды сеземін. Бірақ даттамас бұрын мақтауды бітіріп алсам дегенім ғой. Ал мақтауымның шегі көрінер емес. Жақсының жақсылығын айта беру­ден жалықпайды екенсің. Астанада Дай­ра­байдың Бауыржан Мұқан есімді інісі бар. Ол да ағасын мақтағанда таңды таңға қосуға бар: «Дәкең сияқты ағаңды қалай мақтасаң да орынды. Шуламайды, да­бы­ра жоқ. Кәсібін тып-тыныш жүргізіп, қанша адамға жұмыс беріп отыр. Өмірде осын­дай табанды адамдардың ісі алға жылжуы керек. Жігер ғой, тірлігі бітпесе, ұйықта­мау­ға бар. Бірақ бастаған істі шегіне жет­кізуі керек. Ағам достарының арасында президент. Көп мәселе Дәкеңнің кеңесімен шешіледі. Бірде Дайрабай ағамның алапай иті жоғалып кетіп, үлкен шу болды. Сөйтсем, ит асырап, қазақтың серілік жо­лын жалғастырып жүр екен ғой. Ал оның адамның өзгемен сыйласуы кімге болса да үлгі. Ауылдан әкем келгенде екеуі дәмдес болған еді. Ұзын сонар әңгіме соғып, екеуі ажырамай қойды. Сонда Дәкең «үйде қартың болса, қаптаулы хат­пен тең» деп тілек айтып еді. Жалпы, ағам­ның адам­гер­шілігін, қарапайымдылығын, ізеттілігін мен өзіме де, өзгеге де үлгі тұта­мын»
Иә, Дайрабайдың үлкенмен де, кіші­мен де сыйласа білетіндігі маған мәлім. Адамға ілтипатын төгетін адамға ықыла­сың ерекше болады екен. Мақтауын жет­кіз­дім-ау, ашуландырып бір көру керек еді деген сұмпайы ой келе қалды. Сонда не табады екенмін? Бір-бірімізден тек жақсылық іздей берсек, жаман боламыз ба? Одан да мен Дайрабайға арланның азуын сыйға тартайын. Қазақтың жақсы жігіттерін жын-періден сақтап, сапа белгісі болып мойнында жүрсін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста