Самұрық ұя салған...

Самұрық ұя салған...

Астана қаласының сыртымен өтетін айналма жолға түссең, сонадайдан күннің сәулесімен шағылысып, жарқырап, менмұндалап «Астана-Бәйтерек» монументі көрінеді.

img_7402

Монумент өзінен бейхабар кімнің болсын назарын тартары ақиқат. Сәулеті жағынан еш нәрсеге ұқсамайтын осынау монументтің биіктігі – 97 метр. Мұның да өз сыры бар. Астананың имиджі ретінде танылған монументтің биіктігі 1997 жылы Астананың елорда болуымен сәйкестендірілген. Алып бәйтеректің басындағы көз тартар шар күн сәулесімен түрлі түске құбылып тұратын «хамелеон» шынысынан жасалған. Шардың диаметрі – 22 метр, ал салмағы – 300 тонна. Осынша салмақты көтеріп тұрған бәйтеректің де қандай сәулет екенін аңғара беруге болады. Былайша айтқанда, атына заты сай. Олай дейтін себебіміз, бәйтерек – діңі қатты әрі жуан, аса ауыр салмаққа иіле қоймайтын ағаш. Монументтің басындағы шар – самұрық құсының жұмыртқасы образында. Бірнеше жылда бір рет қана жұмыртқалайтын самұрық құс жұмыртқасын басарда қауіпсіз, тыныш орын іздейді. Міне, сол самұрық қауіпсіз, тыныш әрі бейбітшіл жер деп Астананың төрін таңдап, алып діңгекті бәйтерек ағашының басына жұмыртқалапты. Бәйтерек орналасқан өлкеде, жерде, аймақта, елде, мемлекетте бейбітшіліктің болуы – басындағы 17 жапыраққа әртүрлі әлем діндері өкілдерінің ақ тілек, ақ ниетпен жазған баталары себеп. Міне, бәйтерек пен самұрық жұмыртқасы жайындағы аңыз осындай. Ырзық пен бейбітшілік ала көтерген күннің шуақты сәулесі әуелі «Бәйтерекке» түседі. Осылайша, Тәңірі бізге бейбітшілік пен таусылмас ырзық сыйлап тұр.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста