«Шәмші» журналы «Шәмші туралы фильм түсірілсе» дейді

«Шәмші» журналы «Шәмші туралы фильм түсірілсе» дейді

Жарық көре бастағанына аз уақыт болса да «Шәмші» журналы қазақстандық ақпарат кеңістігінде өз оқырмандарын тауып келеді. Басылым бүгінде республика көлемінде 10 мың данамен таралуда. Қазақ әнін көкке көтеріп, әуелеткен Шәмші мұрасын насихаттауды мақсат тұтқан басылымның жақында бесінші саны жарық көрді.
Мерекеге толы мамыр айындағы журналдың бұл санындағы материалдар топтамасы негізінен Қазақстан халық­тарының бірлігі күні мен Ұлы Жеңіс күніне арналыпты. Басылымның беташар сөзі қан майданда от кешкен ардагерлерімізді құттықтаумен ашылған. Басылымда әдет­тегідей «Қазақ вальсінің королі» жөнінде мәліметі мол, оқырман қызыға оқитын мақалалар берілген..
Журналдағы Қ.Нұрбековтің «Аманат» айдарымен берілген мақаласы мен «Шәмші туралы көркем фильм түсірілуі керек» деген А.Әшімовтің сұхбаты және «Көзкөрген» айдарымен жарияланған
А.Бекбосынның естеліктерінен оқырман­дар композитордың шығармашылық қы­ры мен адами болмыс-бітімін жете тани түседі. «Адам бол! Нағыз маман бол!» деген тақырыппен жарияланған Г.Омарованың проблемалық мақаласы бүгінде ағалы мен «жағалының» заманы өткенін, нарық заманында бір кәсіпті терең игеру арқылы ғана өмірден өз орныңды таба алатыныңды сөз етсе, Ж.Шағатайдың «Қазақ армиясының он жетінші көктемі» аты айтып тұрғандай әскер саласына қатысты мәселені көтереді.
С.Ақылбектің «Орта ғасырлық Сауран медресесі» тарих тұңғиығынан сыр шертсе, Қ.Біләлдің «Мемлекеттік мүдде және дін» мақаласы еліміздегі діни ахуалды талдайды. Сондай-ақ ақын И.Исаевтың «Жүректегі жазулар» топтамасын, С.Сы­бан­­байдың «Ән әлемінің «әттеген-айла­ры», Ғ.Мелдештің «Пір Бекетті бетке алып...», Х.Қожахметовтің «Ең жас күрес тү­рі» және А.Шаймерденұлының «Тол­ға­ғы тәтті ән» деген мақалаларының оқыр­манға айтары мол.

Газетіміздің №79 санында 5 бетте жарық көрген «Ораз Жандосов кітапханашыларға ғана керек пе?» деген мақаладағы екінші сөйлемді «Ораз Қиқымұлы Жандосов 1931 жылы Қазақстан Халық комиссарлар кеңесіне хат жазып, Қазақстанда республикалық мемлекеттік кітапхананың, қазіргі Ұлттық кітапхананың ашылуына мұрындық болған» деп оқуларыңызды сұраймыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста