Сәмединованың жеке сайты ашылды

Кеше белгілі әнші, ҚР еңбек сіңірген әртісі Бағдат Сәмеди­нова­ның жеке сайты іске қосылды. www.bagdat-s.kz деп аталатын сайтта әншінің өмірбаяны, суреттері мен жаңа бейнебаяндары, әндері берілген. Сайттан сондай-ақ жаңалықтарды оқып, жаңа әндерді жүктеп алуға болады. «Сайтты ашуға заманның заңы түрткі болды», – дейді әншінің өзі.
www.bagdat-s.kz — қазақ әншілері ара­сында ашылып отырған санаулы сайт­тар­дың бірі. Мұның алдында қазақ шоу-бизнесіндегі көрнекті тұлғалар – «МузАрт», «Ұлытау», «Үркер» топтарының, Алтынай Жорабаева мен Талғат Жорабаевтың жеке сайттары тұтынушыларына қызмет ете бастағаны белгілі. Ал халықтың сүйіктісі Бағ­дат апай ғаламтор тұтынушыларымен байланыс жасауды көптен бері қолға ала алмай жүрген болатын. Енді ол өз тың­дармандарына бір табан жақындай түсті.
Бағдат СӘМЕДИНОВА, ҚР еңбек сіңірген әртісі:
– 30 жылдан астам «Қазақ­кон­цертте» жұмыс істеп келемін. Қазақ өнеріне азды-көпті еңбек сіңірдім. Әнші болған соң, өнер адамы болған соң, жан-жақтан сұрақтар көп түсіп жатады. Жеке өмірім туралы әндерімді қайдан алуға болатынын сұрап жатады. Ал менің жеке продюсерім жоқ. Кейде концерттерім туралы ақпарат беруге қиналып жатамын. Сондықтан ғаламтор бетінде өзім туралы ақпа­рат беріп тұратын сайттың болғанды­ғын жөн көрдім. Қазір ақпарат заманы, сондықтан қоғаммен тікелей байланыс орнатып, өзім туралы тікелей ақпарат беретін сайт болуы қажет деп санаймын. Енді бұдан былай тыңдармандарым мен туралы ақпаратты сайттан тікелей ала алады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста