Актриса әрі әнші Салтанат Бақаева желіге сексуалды сипаттағы суреттерін салып, басы дауға қалды. Желі қолданушылары әншінің бұл әрекетіне наразылық танытып, оны сөгіп тастады деп хабарлайды NUR.KZ.
Актрисаның айтуынша, бұл оның тек театрдағы образы. Алайда актрисаның мұндай образы желідегі оқырмандарына жақпай қалды. Олар қатты ашуланып, актрисаға түрлі жағымсыз пікір қалдырып үлгерді.
"Ұялмайсыз ба? Бір үйдің келінісіз", "Келін деп сендерді де айтады ғой. Сені сыйлайтынмын, жақсы тәрбиелі әнші және келін деп", "Сахналық образы сахнада болса жарайды, ал мынау енді...", "Мұндай фотоны салмай-ақ қоймадың ба? Біріншіден анасын келінсің, біреудің жарысың. Күйеуің ғана көретин әуретіңді халыққа көрсетпегенің жақсы ғой", - деп жазды олар.