"Шалқып өмір сүріп жатырмын": Ринат Зайытов қалай ақша тауып жүргенін айтты

Отандық танымал ақын Ринат Зайытов бүгінде отбасын қалай асырап жүргені жайлы бар шындықты айтты. Айтыскер көптен бері үлкен сахнадан көрінбей кеткенімен, табыс көзін жоғалта қоймаған. Белгілі болғандай, ол асабалық пен композиторлығының арқасында ақша тауып жүр. Өнер иесі бір әнге сөз жазу үшін 500-600 мың теңге көлемінде қаржы алатын болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ 31 арнаға сілтеме жасап.

Бір әннің мәтінін жазып беру үшін жарты миллион төңірегіндегі табысқа кенелетін ақын бүгінгі күні шалқып өмір сүріп жүргенін жеткізді. Оған қоса, Зайытов өз жағдайын қарапайым халықпен салыстырғанда әлдеқайда жоғары екенін жасырмай айтты.

"Әнге сөз жазамын. Бұрын авторлық қоғамнан да ақша түсіп тұратын. Ол жағы да қазір кішкене бар. Сосын той. Тойға барып, сол жақтан ақша табасың. Мен өз жағдайымды қатардағы қарапайым қазақтардан әлдеқайда жоғары деп есептеймін. Сосын ішімнен ең сорлы қазақ менің жағдайымдай өмір сүрсе екен деп армандаймын. Өйткені, ол үшін біздің мемлекеттің мүмкіншілігі бар деп ойлаймын.

Маған он бөлмелі үй қажет емес, жыл сайын автокөлік ауыстыру қажет емес, екі-үш мың доллардың костюм шалбарын кию қажет емес. Шалқып өмір сүру деген әр адамның өз қабылдауына байланысты. Мен қазір құдайға шүкір бір үйге қонаққа бара аламын, сыртқа шыға аламын. Киетін киімім бар, ішерге тамағым бар. Менің түсінігімде мен шалқып өмір сүріп жатырмын. Бір әнге сөз жазу тегіннен басталады. Ал біреу әкесіне ән жазғысы келіп жатады. Оларға әнімен, сөзімен, аранжировкасымен қосқанда ары кетсе 500-600 мың теңгенің айналасында болады" , - деді Ринат Зайытов.

Айта кетейік, бұған дейін Ринат Зайытов өзінің гонорары туралы тың мәліметпен бөліскен болатын.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста