«Шалқарды» көруге де болады

«Шалқар» радиосының тари­хын­да үлкен жаңалық орын алды. «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның баспасөз қызметінің хабар­лауынша, заманауи тех­нологияның арқасында енді  арна­ның хабарларын толығымен бейне-онлайн режимінде тың­дау­ға мүмкіндік туды.
Айта кетерлігі, заманауи техниканың қарыштап дамуы радионың тыңдарманы ғана емес, көрермені де болатынын көр­сетіп отыр.  Тыңдарманды радио жүргізу­ші­лерінің тікелей эфирдегі өзін-өзі ұстауы, қимыл-әрекеті мен көңіл күйі, жалпы, радионың ішкі көрінісі қандай болады екен деген ой жиі мазалайтыны анық. Бір­ақ радионың ішкі әлемі үнемі жұмбақ кү­йін­де қалатын. «Шалқар» радиосына ор­на­тылған веб-камералар  осы олқылықтың орнын толтырып, телеарнамен үзеңгі тү­йіс­ті­руге мүмкіндік берді. 
Шалқар радиосы 1966 жылы 1 қаң­тар­дан бастап әуе толқынына шығып, бірте-бірте республика көлемінде ғана емес, шетелге де хабар тарата бастады.  Бас­ты мақсаты қазақ халқының ұлттық-ру­хани құндылықтарын жан-жақты наси­хат­тау болып табылатын «Шалқар» радиосын  онлайн режимінде (https://radioshalkar.kaztrk.kz/online_radio/cam/) көруге шақырамыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста